2023 жылы 6 айына Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде, аудандық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерде барлығы 1502 өтініш тіркелген, оның ішінде 1409 өтінішті жеке тұлғалар және 93 өтінішті заңды тұлғалар құрайды.
Қарау қорытындысы бойынша 52 түсініктеме берілді, 83 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды, 1340 өтініш қанағаттандырылды, 22 өтініш тоқтатылды, 5 өтініш бақылауда тұр.
Бөлімшелердің есептеріне сәйкес өтініштердің 90% - ы: тұрғын үйлерді су басу, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау саласындағы түсіндіру, өрт фактілерін растау және коммерциялық ұсыныстар бойынша сұрау салулар құрайды.
Департаментте қайтадан келіп түскен және мерзімі өткен өтініштер тіркелген жоқ .
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдау графигін Департаменттің ресми сайтында жариялай отырып, азаматтарды алдын ала жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған. Ағымдағы кезеңде басшылық 6 азаматты қабылдады: азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша, А.Забикулинді еске алу аллеясы ескерткішін көгалдандыру мәселесі бойынша, қайырымдылық көмек көрсету мәселесі бойынша және т .б. .Барлық мәселелер бойынша ауызша түсініктемелер берілді.
Өтініштерді уақытылы қарауды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментіне "Е- өтеніш" бойынша есеп ай сайын сайын жіберіледі.
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және мемлекеттік тілді дамыту тобының
бас маманы Ә. Тәшібаева