Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасының іс-шараларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобының құрамы бекітілді.
Жұмыс тобы 2023 жылғы 4 қыркүйек пен 13 қазан аралығында Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасында, анықтау бөлімінде және "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.