«ҚР ТЖМ Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»ММ конкурстық комиссиясының №7 хаттамасы

7 тамыз 2023 жыл                                                                                   Көкшетау қ.

 

 Қатысқандар:

 Комиссия төрағасы:

  1. Азаматтық қорғау полковнигі Молдаханов Ерлан Қадырбекұлы, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» ММ (бұдан әрі – ТЖД, «ӨС және АҚЖҚ» ММ) бастығының орынбасары

Қатыспағандар: Азаматтық қорғау подполковнигі Каниев Руслан Куббиұлы, «ӨС және АҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Айтмағанбетова Алемгуль Зейнилловна «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қасымов Абай Темірханұлы, Ақмола облысы ТЖД Кадр саясаты басқармасының жеке құрамы бойынша жеке қауіпсіздік және инспекция тобының бас маманы – демалыста.

Комиссия мүшелері:

  1. Азаматтық қорғау подполковнигі Тукеев Әділ Мұратұлы, «ӨС және АҚЖҚ» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы;
  2. Рахимова Камила Валерьевна, «ӨС және АҚЖҚ» ММ заң тобының заң кеңесшісі;
  3. Жедел құтқару жасағының бас құтқарушы - психологы Төлегенова Әсия Сейлханқызы;

Комиссия хатшысы: азаматтық қорғау лейтенанты Айткеева Альмира Серікқызы, «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімінің инспекторы.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

«Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері» бос лауазымдарына орналасу үшін «ӨС және АҚЖҚ» ММ конкурстық іріктеуге қатысатын кандидаттармен әңгімелесу

 

           Азаматтық қорғау полковнигі Е.К. Молдаханов - комиссия төрағасы сөз   сөйлеп, қатысушыларды комиссия отырысының күн тәртібімен таныстырды.                Бұдан әрі сөз комиссия хатшысы азаматтық қорғау лейтенанты А.С. Айткееваға берілді, ол «ӨС және АҚЖҚ» ММ бос лауазымдарға орналасуға кандидаттардың тізімін оқыды.

Осы лауазымға арналған «Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері» конкурсында - 9 үміткер қатысты:

 1) Көкшетау қ. № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері  (1 бірлік),

2) Көкшетау қ. № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері  (1 бірлік),

3) Степногорск  қ.  №  3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері  (1 бірлік),

4) Атбасар қ. № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері  (1 бірлік),

5) Щучье қ. жасағы № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері  (1 бірлік),

6) Щучье қ. жасағы № 7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері  (2 бірлік),

7) Егіндікөл а. № 25 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері  (1 бірлік),

8) Целиноград ауданының Қабанбай-Батыр ауылындағы № 34 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері  (1 бірлік).

Отырыс барысында комиссия конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарады.

       Үміткерлердің медициналық және психофизиологиялық куәландыру, оның ішінде полиграфологиялық зерттеу, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру және біліктілік талаптарының сәйкестігі нәтижелеріне сүйенді.  Әңгімелесу қатысушыларына бірқатар сұрақтар қойылып, барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

       Әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурстық комиссия мынадай шешім қабылдады:  

  1. Азаматтық қорғау органдарына қызметке (өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына «ӨС және АҚЖҚ» ММ МӨСБ, ӨСБ) қабылдауға ұсынылсын:
  2. Оразалы Мадияр Төлеутайұлы;
  3. Серікбай Саин Қалибекұлы;
  4. Акименко Даниил Павлович;
  5. Исабаев Дастан Маратович;
  6. Жомартов Ислам Амангельдинович;
  7. Токанаев Бекзат Жанатович;
  8. Амангелді Алан Айдарбекұлы;
  9. Еркін Мархат Медетұлы;
  10. Ислям Мади Жанатұлы.

      Ескерту: әр қатысушымен әңгімелесу барысы техникалық жазу құралдарының көмегімен тіркелді ("Sony" маркалы бейне камера).

 

Комиссия төрағасы                                                                Е. Молдаханов

 

Комиссия мүшелері:                                                                 А. Айтмаганбетова

 

                                                                                                        Р. Каниев

                                                                                                      

                                                                                                        А. Тукеев

 

     К. Рахимова

 

     А. Тулегенова

                

     А. Касымов

 

 

Комиссия хатшысы:                                                                 А. Айткеева

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 августа 2023