Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, 020000, Көкшетау қ. Ақан сері к-сі, 124, анықтама үшін телефон: (8-716-2-25-19-25), азаматтық қорғаныс органдарының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1.Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты -91542 теңгеден 98949 теңгеге дейін + арнайы атағы.
Функционалдық міндеттері: жеке құрамды және өрт сөндіруші заттарды өрт және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына дер кезінде және қауіпсіз жеткізу. Өзіне бекітілген автомашинаның техникалық ақаусыз жағдайын қамтамасыз ету.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы отыз бес жастан аспаған азаматтар, сонымен қатар мерзімді әскери қызметін өткерген, сондай ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткеруден шақыртуы кейінге қалдырылған не босатылған азаматтар, педиатрия, гинекология және стоматологиядан өзге денсаулық сақтау саласындағы тиісті жоғары медициналық білімі болуы.
1) Көкшетау қ. № 1 мамандарылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі (2 бірлік),
2) Көкшетау қ. №10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі (1 бірлік),
3) Державинск ауданың Державинск қ. № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі (1 бірлік),
4) Зеренді ауданың Зеренді ауылындағы № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі (1 бірлік),
5) Қорғалжын ауданың Қорғалжын ауылындағы № 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі (1 бірлік),
6) Ерейментау ауданың Ерейментау қаласындағы № 24 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі (1 бірлік),
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 3 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде толтырылған сауалнама;
3) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 4 қосымшаға сәйкес толтырылған кадрды есепке алу жөніндегі жеке парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен телефоны көрсетілген)
4) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 2 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде қолмен және терілген түрде толтырылған толық автобиографиясы;
5) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмесі, нотариалды куәландырылған;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың кітапшасының көшірмесі, нотариалды куәландырылған (болған жағдайда);
7) әскери билеттің немесе шақырту учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі, нотариалды куәландырылған;
8) соңғы жұмыс істеген орыннан (қызмет еткен) мінездеме (жұмыс өтілі бар болғанда) және әскери қызмет орнынан мінездеме;
9) 3x4 үлгідегі төрт фотосурет;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке тұлға ретінде куәландыратын құжаттың көшірмесі;
11) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу комитетінен сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;
13)білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәреже мен атақ беру, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар және басқа құжаттардың көшірмесі) (болған жағдайда);
14) тігілетін мұқаба.
Аталмыш құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, оларды конкурстық комиссия қараудан бас тартуға негіз болады.
Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күнінен кейін тоқтатылады.
Конкурстық комиссия отырысына қоғамдық бірлестік бақылаушылары қатысатын болады.
Конкурсқа қатысу үшін жұмсалатын барлық шығындар азаматтардың өздерінің ақша қаражаты есебінен жұмсалады.
Кандидаттардың құжаттары Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-де, Көкшетау қ. Ақан сері к-сі, 124, мекен-жайы бойынша қабылданады, тел. 8-(7162) 25-19-25, 25-47-20.