Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті, 020000, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 87, электрондық мекенжайы ok_dchs_akm@emer.kz. анықтама үшін телефон: (8-7162-55-14-71), Дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекші көмекшісі лауазымына бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жүргізілгені туралы хабарлайды, C-SV-12 санаты (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі немесе туындау фактілері және халықтың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуы туралы хабарламаларды қабылдау және өз құзыреті шегінде Департамент басшылығы үшін оларды жою бойынша қабылданатын шаралар, төтенше жағдайлар туралы ақпараттық материалдарды белгіленген тәртіппен дайындау.
Біліктілік талаптары: отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі (орташадан төмен емес) және әскери-оқытылған резервті даярлау жөніндегі Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери қызмет немесе әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар, бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін - 160 см).
Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулер (17-бап) және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер (12-бап);
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 106 713-тен 144 761 теңгеге дейін + арнаулы атақ үшін қосымша ақы 10 919-дан 19 980 теңгеге дейін, кейіннен ағымдағы 2023 жылы жалақының ұлғаюымен.
Құжаттарды қабылдау іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізбесі:
Қазақстан Республикасы ТЖМ 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздеріне сәйкес кадр қызметіне тезтікпеге (байламдардағы папкаға) тігілген мынадай құжаттар беріледі, қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып:
1) лауазымға орналасуға іріктеуге қатысуға өтініш, қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» № 352 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) (нотариалды куәландырылған);
4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған егжей-тегжейлі толтырылған өмірбаян, қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3х4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
8) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) кандидаттың сауалнамасы, қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
10) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ, қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
Анық ақпарат бермеуі, сондай-ақ кандидаттың іріктеу кезеңдеріне келмеуі іріктеу кезеңдерінен одан әрі өтуден бас тартуға негіз болып табылады.
Іріктеу отырысына қоғамдық бірлестіктердің шақырылған байқаушылары қатысады.
Азаматтар іріктеуге қатысу бойынша барлық шығыстарды өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Кандидаттардың құжаттарын қабылдау Ақмола облысы ТЖД мынадай мекенжайы бойынша жүргізіледі: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 87, тел.8 (7162) 551471, 517440.