Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, 020000, Көкшетау қ. Ақан сері к-сі, 124, электрондық мекенжай ok_spasr_akm@emer.kz анықтама үшін телефон: (8-716-2-25-19-25), азаматтық қорғаныс органдарының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1) Көкшетау қ. № 1 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (2 бірлік),
2) Көкшетау қ. № 2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (2 бірлік),
3) Степногорск қ № 3 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт-сөндіруші-құтқарушысы (1 бірлік),
4)Бестөбе к.№ 30 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (2 бірлік),
5) Щучье қ. жасақтың № 6 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі - құтқарушысы (4 бірлік),
6)Щучье қ. жасақтың № 7 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі - құтқарушысы (1 бірлік),
7)Щучье қаласындағы жасақтың Бурабай ауданының Зеленый Бор кентіндегі № 9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі - құтқарушысы (5 бірлік),
8) Көкшетау қ. № 10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (2 бірлік),
9)Көкшетау қ. № 11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (2 бірлік),
10) Зеренді ауданы Зеренді а. № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші- құтқарушысы (1 бірлік),
11) Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылындағы № 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (2 бірлік)
12) Аршалы ауданыңдағы Аршалы ауылындағы № 16 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (1 бірлік)
13) Шортанды ауданы Шортанды кенті № 18 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші – құтқарушысы (5 бірлік)
14) Бурабай ауданы Бурабай кентіндегі № 20 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (1 бірлік)
15) Есіл қ. № 23 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші құтқарушысы (2 бірлік),
16) Ерейментау қ. № 24 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші құтқарушысы (2 бірлік),
17) Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы № 25 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (2 бірлік),
18) Целиноград ауданының Арайлы ауылындағы № 22 өрт сөндіру бөлімі № 32 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы (1 бірлік),
Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты -91542 теңгеден 98949 теңгеге дейін + арнайы атағы.
Функционалдық міндеттері: өрт сөндіруге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, төтенше жағдайларды жоюға қатысу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы отыз бес жастан аспаған азаматтар, сонымен қатар мерзімді әскери қызметін өткерген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткеруден шақыртуы кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі ортадан төмен емес, бойы 165 см-ден төмен емес.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 3 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде толтырылған сауалнама;
3) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 4 қосымшаға сәйкес толтырылған кадрды есепке алу жөніндегі жеке парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен телефоны көрсетілген)
4) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 2 қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде қолмен және терілген түрде толтырылған толық автобиографиясы;
5) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмесі, нотариалды куәландырылған;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың кітапшасының көшірмесі, нотариалды куәландырылған (болған жағдайда);
7) әскери билеттің немесе шақырту учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі, нотариалды куәландырылған;
8) соңғы жұмыс істеген орыннан (қызмет еткен) мінездеме (жұмыс өтілі бар болғанда) және әскери қызмет орнынан мінездеме;
9) 3x4 үлгідегі төрт фотосурет;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке тұлға ретінде куәландыратын құжаттың көшірмесі;
11) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу комитетінен сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;
13)білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәреже мен атақ беру, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар және басқа құжаттардың көшірмесі) (болған жағдайда);
14) тігілетін мұқаба.
Аталмыш құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, оларды конкурстық комиссия қараудан бас тартуға негіз болады.
Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күнінен кейін тоқтатылады.
Конкурстық комиссия отырысына қоғамдық бірлестік бақылаушылары қатысатын болады.
Конкурсқа қатысу үшін жұмсалатын барлық шығындар азаматтардың өздерінің ақша қаражаты есебінен жұмсалады.
Кандидаттардың құжаттары Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-де, Көкшетау қ. Ақан сері к-сі, 124, мекен-жайы бойынша қабылданады, тел. 8-(7162) 25-19-25, 25-47-20.