2022 жылы 9 айына Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде, аудандық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерде барлығы 408 өтініш тіркелген, оның ішінде 374 өтінішті жеке тұлғалар және 34 өтінішті заңды тұлғалар құрайды.
Қарау қорытындысы бойынша 52 түсініктеме берілді, 47 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды, 299 өтініш қанағаттандырылды, 10 өтініш бақылауда тұр.
Заңды тұлғалардың өтініштері көбінесе төтенше жағдайлар мәселелеріне (мәліметтер мен түсініктемелер беру, объектілерге тексеру жүргізу, мамандар бөлу және т.б.), жеке тұлғалардың өтініштері кадр мәселелеріне байланысты.
Департаментте қайтадан келіп түскен және мерзімі өткен өтініштер тіркелген жоқ .
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдау графигін Департаменттің ресми сайтында жариялай отырып, азаматтарды алдын ала жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған. Ағымдағы кезеңде басшылық 5 азаматты қабылдады: Нұра өзені арнасының жағалауын тазарту және нығайту, Жолынбет кентіндегі жағдайды шешу, ұлын жұмысқа орналастыру, ынтымақтастық бойынша және тұрғын үйдегі пәтердегі газ плитасын түсіндіру мәселесі бойынша. Қабылдау барысында 2 жазбаша 3 ауызша түсініктеме берілді.
Өтініштерді уақытылы қарауды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасына "Е - өтеніш" бойынша есеп ай сайын сайын жіберіледі.
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және мемлекеттік тілді дамыту тобының
бас маманы Ә. Тәшібаева