Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Төрағалық етуші: Ақмола облысы әкімінің орынбасары – төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары М.С. Тәткеев.

Комиссия мүшелері: тізім бойынша.

Шақырылғандар: өңірлердің әкімдері, облыстық басқармалардың, ұйымдардың, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері (тізім бойынша).

 

  1. «Азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесінің көктемгі
    су тасқыны кезеңіне дайындығының жай-күйі туралы
    »

(Н.Б. Атығаев, Б.Р. Макажанова, Б.А. Оспанбеков, А.И. Байманов,

А.А. Калжанов)

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша проблемалық мәселелерді қарастырып, келесіні ұсынады:

  1. Аудандардың, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдеріне:
    • елді мекендерден қарды шығару, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарының, қаптар мен инертті материалдардың жеткілікті қорын жасау жөніндегі жұмысты жандандыру;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 10 сәуірге дейін

 

  • азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің жұмыс істеуін «Күнделікті қызмет» режимінен «Жоғары дайындық» режиміне, одан әрі жағдай бойынша «Төтенше жағдай» режиміне көшіру;
  • аудандық және қалалық су тасқынына қарсы жедел штабтардың тәулік бойғы жұмыс режиміне ауыстыру;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 1 сәуірден бастап

су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

  • еріген су басу қаупі бар үйлердің айналасына инертті материалдары бар қаптар салуды қамтамасыз ету;
  • су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге қосымша инженерлік техника тарту;
  • су тасқыны кезеңі басталғанға дейін су өткізу құрылыстарын, арықтар мен каналдарды тазарту жөніндегі жұмыстарды аяқтау;
  • эвакуациялау пункттерін алдын ала жабдықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • елді мекендер маңындағы алқаптарды «қарайту» бойынша жұмыстар жүргізу;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

  • су тасқыны қаупі бар учаскелерде тәулік бойы бақылауды қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік желілердегі келіп түскен жағымсыз жарияланымдар мен түсініктемелерге уақытылы ден қою және халықпен кездесулер мен баспасөз-турлар өткізу жолымен әрбір жағдай бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • ішек ауруларының алдын алу мақсатында су тасқыны кезеңінде ауыз су қажеттіліктері үшін өңделмеген суды пайдалануға жол бермеу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • келген азаматтық қорғау органдарының топтарын үш мезгіл тамақпен қамтамасыз ете отырып орналастыруды ұйымдастыру;
  • азаматтық қорғау органдарының келген топтарына заттай көлемде отын қорымен (төгілумен) ЖЖМ қамтамасыз ету және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу орындарына дереу жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін пысықтау;
  • ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жариялауды қамтамасыз ету;

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

  • мұз кептелістерін жою бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізуге ТЖ департаментіне өтінімдер жіберу;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 4 сәуірге дейін

 

  1. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жол қызметтерімен, «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ филиалымен, аудандардың, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдерімен бірлесіп

2.1 су өткізу құрылыстарына олардың тасқын суларды кедергісіз өткізу мәніне тексеру жүргізу, қажет болған жағдайда оларды тазалауды жүргізу;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

2.2 су тасқыны кезеңінде автомобиль және темір жолдарда су тасқынына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;

2.3 автомобиль жолдарында су тасқыны туындаған жағдайда,
су тасу орындарын ескерту жол белгілерімен және қаптар төсей отырып, жарық шағылыстырғыш ленталармен белгілеу, сондай-ақ халық арасында балама жолдарды уақытша пайдалану туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

  1. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Қазсушар» ШЖҚ РМК филиалы, аудандардың, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдері тәулік бойы бақылау ұйымдастырумен гидротехникалық құрылыстарда тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

  1. «Қазсушар» ШЖҚ РМК филиалына ағыс бойынша төмен орналасқан елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі су қоймаларынан авариялық су ағызуларға жол бермеу.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

  1. Төтенше жағдайлар департаментіне:

5.1 азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру;

5.2 Департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдарын су тасқыны қаупі бар өңірлерге бөлуді ұйымдастыру;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

5.3 аудан әкімдіктерінің өтінімдері негізінде мұз кептелістерін жою бойынша жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ету;

Орындау мерзімі: сең жүру кезеңінде

 

5.4 инертті материалы бар қаптарды төсеу жолымен қорғаныш топырақ білігінің әлсіреген учаскелерін нығайту үшін топтастықтарды Атбасар ауданының Атбасар қаласына жіберу;

Орындау мерзімі: Атбасар ауданы әкімінің келісімі бойынша

 

  1. Аршалы, Қорғалжын және Целиноград аудандарының әкімдеріне облыстың ТЖ департаменті анықтаған елді мекендердің (Аршалы ауданының Жібек жолы және Анар станциясы, Қорғалжын ауданының Амангелді және Қарашалы а/о, Целиноград ауданының Қоянды және Софиевка а/о) су тасқыны кезеңіне дайын еместігі туралы ескертулерді жойсын.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

  1. Аршалы ауданының әкіміне №8 ш/а қорғаныштық топырақ үйінділерін инертті материалы бар қаптарды салу жолымен нығайту жөнінде жұмыс жүргізсін;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

  1. Атбасар ауданының әкіміне:

8.1 Атбасар қаласында өзен жағынан инертті материалы бар қаптарды және полипропилен пленкасын төсеу жолымен қорғаныс жер білігінің әлсіреген учаскелерін нығайту жөнінде жұмыс жүргізу.

8.2 Атбасар қаласында еріген сумен су басу қаупіне ұшыраған үйлердің инертті материалдары бар қаптарды салуды қамтамасыз ету және су бұру арналарын жайластыру бойынша жұмыс жүргізу

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

  1. 9. Целиноград ауданының әкіміне еріген сумен су басу қаупіне ұшырайтын үйлердің инертті материалдары бар қаптарды төсеуді қамтамасыз ету және Қоянды, Қараөткел, Талапкер, Қажымұқан, Нұра Есіл, Ы. Алтынсарин, Қоянды,Тайтөбе, Жалғызқұдық, Қарамеңді батыр, Шұбар, Софиевка ауылдарында су бұру арналарын жайластыру бойынша жұмыс жүргізу..

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

  1. Шортанды ауданының әкіміне Степное а. еріген сумен су басу қаупіне ұшырайтын үйлерді инертті материалмен қаптауды қамтамасыз ету және су бұру арналарын жайластыру бойынша жұмыс жүргізсін.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

  1. Біржан сал ауданының әкіміне қар суымен су басу қаупіне ұшырайтын үйлердің инертті материалдары бар қаптар салуды қамтамасыз ету және Макинка және Қоғам ауылдарындағы су бұру арналарын жайластыру жөнінде жұмыс жүргізсін.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

  1. Бұланды ауданының әкіміне еріген сумен су басу қаупіне ұшырайтын үйлерді инертті материалдармен қаптауды қамтамасыз ету және Макинск және Қараөзек ауылдарында су бұру арналарын жайластыру бойынша жұмыс жүргізсін.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

  1. Астрахан ауданының әкіміне еріген қар суымен су басу қаупіне ұшырайтын үйлерді инертті материалмен қаптап қоюды қамтамасыз ету және Жасыл және Қоскөл және Жалтыр ауылдарында су бұру арналарын жайластыру жөнінде жұмыс жүргізсін.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

  1. Қосшы қаласының әкіміне еріген қар суымен су басу қаупіне ұшырайтын үйлерді инертті материалмен қаптап қоюды қамтамасыз ету және су бұру арналарын жайластыру жөнінде жұмыс жүргізсін.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 3 сәуірге дейін

 

Атқарылған жұмыс туралы ақпаратты Ақмола облысы
ТЖ департаментіне pchs_dchs_akm@emer.kz электрондық мекенжайға қайталай отырып ұсыну.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Облыстың орман және дала аумақтарын өртке қарсы қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету және орман және дала өрттерін жоюға қызметтердің дайындық деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы»

(Атыгаев Н.Б.)

 

  1. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақ техникасын ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінде облыс аумағында табиғи өрттерді сөндіру үшін тарту мәселесін пысықтасын.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 10 маусымға дейін

 

  1. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылықтарының басшыларымен бірлесіп:

2.1 орман алқаптарының, жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдардың бойында минералданған жолақтарды орнатуды аяқтау;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 1 мамырға дейін

 

2.2 өртке қарсы ерікті құралымдарды өрт орнына жеткізу үшін көлік құралдарын ұйымдастыру;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 10 мамырға дейін

 

2.3 өрт сөндіруге қатысушыларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ сөндіру ұзақтығы 3 сағаттан асқан кезде тамақтануды, сондай-ақ зардап шеккендерге қажетті медициналық көмекті ұйымдастыру;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы барлық өрт қауіпті кезең ішінде

 

2.4 тиісті аумақтарда ЖЖМ, тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектер қорын құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және орындауды қамтамасыз ету немесе табиғи өрттерді жоюға тартылатын сөндіруге қатысушылардың шығындарын өтеуді көздеу;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 1 маусымға дейін

 

2.5 ірі табиғи өрттерді жою кезінде орман күзеті, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл тәртібін пысықтау;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 1 маусымға дейін

 

2.6 болып жатқан табиғи өрттердің әрбір фактісі бойынша олардың туындауына кінәлі адамдарды анықтау бойынша барлық түбегейлі шараларды қабылдау, кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы барлық өрт қауіпті кезең ішінде

 

  1. Аудандардың, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдеріне:

3.1 көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде барлық ұйымдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауына рейдтік іс-шаралар өткізу жолымен ауыл шаруашылығы алқаптарында бақылаусыз өртеу жүргізуді қатаң бақылауға алу;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы барлық өрт қауіпті кезең ішінде

 

3.2 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына шөпті өсімдіктерді, өсімдік қалдықтарын және ауыл шаруашылығындағы өртеуді жоспарланған бақыланатын күйдіру бойынша көктемгі егіс жұмыстары басталар алдында бұл туралы жергілікті атқарушы органдарды және Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерін хабардар ету міндеттелсін;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 1 мамырға дейін

 

3.3 барлық өрт қауіпті кезең ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен қаражат бөлу жөніндегі қажетті шараларды қамтамасыз ету;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 10 мамырға дейін

 

3.4 облыстың елді мекендерін дала және орман өрттерінің таралуынан қорғау үшін аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында және елді мекендердің периметрі бойынша қорғау минералданған белдеулерін орнату

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 6 мамырға дейін

 

3.5 шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру практикасын жалғастыру және ерікті өрт сөндіру құрамаларының табиғи өрттерді сөндіруге дайындығын қамтамасыз ету;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы барлық өрт қауіпті кезең ішінде

 

3.6 ерікті өртке қарсы құралымдарды жинақтау және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін берілген өрт техникасының жай-күйі мен пайдаланылуын талдау. Бұл техниканың тоқтап қалуы жағдайында оны қажет ететін құрылымдарға беру керек;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 15 мамырға дейін

 

3.7 ТЖ департаментінің ведомстволық бағынысты бөлімшелерімен бірлесіп, тартылатын қызметтердің іс-қимылын үйлестіру және 2022 жылғы өрт қауіпті кезеңде орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 1 мамырға дейін

 

 

3.8 үлгілік ОӨС құру және ұстау және арнайы өртке қарсы техника мен жабдықтарды сатып алу үшін қаржыландыруды көздеу.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 31 мамырға дейін

 

3.9 Ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп ауыл шаруашылығы субъектілерімен аң қалдықтарын бақылаусыз өртеуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы өрт қауіпті кезең ішінде

 

3.10 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 30.10.2014 жылғы және 11.02.2015 жылғы № 107 «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидалары» және «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары» талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы өрт қауіпті кезең ішінде

 

3.11 дала өрттері мен селитебтік аумақтан тыс ауыл шаруашылығы алқаптарында өрттер туындаған кезде өрт сөндіруге міндетті түрде меншігінде ауыл шаруашылығы алқаптары бар жергілікті атқарушы органдардың, ЕӨСҚ, ӨҚ күштері мен құралдарын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының күштерін тарту қажет.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы өрт қауіпті кезең ішінде

 

  1. Ерейментау ауданының әкімі аудан бюджетінен қаржы іздестірсін және Олжабай батыр ауылындағы өрт сөндіру бекетінің жұмысын қайта жандандырсын;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 1 мамырға дейін

 

  1. Ерейментау ауданының әкімі «ӨСжАҚЖҚ» ММ алдындағы табиғи өрттерді сөндіруге жұмсалған жанар-жағармай материалдарының берешегін өтесін;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 1 мамырға дейін

 

  1. Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына:

6.1 Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің жергілікті атқарушы органдарымен және аумақтық бөлімшелерімен 2022 жылғы көктемгі кезеңде егістіктерде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары өткізетін шөпті өсімдіктерді, аң қалдықтарын бақылап күйдірудің кестесін әзірлеу және келісу;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 1 мамырға дейін

6.2 егіс компаниясына тартылған барлық ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу және ұшқын сөндіргіштердің, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы, техниканың орналасқан жері бойынша өртке қарсы талаптардың сақталуы тұрғысынан олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 15 мамырға дейін

 

6.3 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде автотракторлық техниканы пайдалану кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауын күнделікті бақылауды қамтамасыз ету;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы өрт қауіпті кезең ішінде

 

  1. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалы, «KEGOK» АҚ, «Ақмола жүйеаралық электр желілері – Көкшетау аумақтық электр желілері» филиалы, «ҚТЖ» ҰК – «Ақмола жол бөлімшесі» АҚ көлік коммуникацияларының бойындағы минералдандырылған жолақтарды (темір жол, автомобиль электр беру желілері) орналастыруды жүргізу және аяқтау;

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 1 мамырға дейін

 

  1. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасымен және орман шаруашылықтарының басшыларымен бірлесіп өрт қауіпті кезеңде орман қоры аумағында рейдтер өткізудің маршруттары мен кестелерін әзірлесін және бірлескен бұйрықпен бекітсін. Олардың өткізілуіне бақылауды ұйымдастыру.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы 10 мамырға дейін

 

  1. Облыстың ішкі саясат басқармасы өрт қауіпті кезең бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырсын.

Орындау мерзімі: 2022 жылғы өрт қауіпті кезең ішінде

 

Атқарылған жұмыс туралы ақпаратты Ақмола облысы ТЖ департаментіне gpk_dchs_akm@emer.kz электрондық мекенжайға ұсынсын.

Осы хаттаманың орындалуын бақылау Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне (Н.Б. Атығаев) жүктелсін.

Облыстық төтенше жағдайлардың

алдын алу комиссиясы төрағасының

орынбасары – Ақмола облысы

әкімінің орынбасары                                                               М. Тәткеев

 

 

 

Комиссия хатшысы                                                                Е. Берлібеков

Дата публикации
03 июня 2022