Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтер және олардың орнына үміткерлерге қойылатын талаптар

Бос басшылық

лауазымның атауы

Бос орындар саны

Бос басшылық лауазымға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

C-SGU-1 санаты бойынша

1

Біліміне қойылатын талаптар: жоғары білім («Өрт қауіпсіздігі», «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі», «Төтенше жағдайларда қорғау (бейінді білімі болған жағдайда)».

Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-3, C-OGP-3, C-AGP-3, В-PK-3, В-PKО-2, C-SV-3, С-SVО-2, C-SVU-2, C-SN-2, С-SSP-2, C-SGU-3, С-FMО-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда не нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) судья лауазымында жұмыс өтілі он жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не А-2, В-2, С-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
5) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бес жылдан кем емес;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес (C-OGP-1, В-PKО-1, C-SV-2, C-SVО-1, C-SVU-1, С-FMО-1 санаттарының лауазымдарын қоспағанда).

 

Үміткерлердің құжаттарын қабылдау Көкшетау қаласы, Ақан-Сері көшесі, 124, тел.8 (7162) 25-19-25 мекенжайы бойынша Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» ММ-де жүргізіледі.

Дата публикации
17 мая 2022