Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылғы 1 тоқсан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдау жөнінде атқарылған жұмыс туралы есеп

2022 жылы 1 тоқсан Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде, аудандық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерде барлығы 72 өтініш тіркелген, оның ішінде 58 өтінішті жеке тұлғалар және 14 өтінішті заңды тұлғалар құрайды.

Қарау қорытындысы бойынша 8 түсініктеме берілді, 3 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды, 60 өтініш қанағаттандырылды, 1 өтініш бақылауда тұр. 

Заңды тұлғалардың өтініштері көбінесе төтенше жағдайлар мәселелеріне (мәліметтер мен түсініктемелер беру, объектілерге тексеру жүргізу, мамандар бөлу және т.б.), жеке тұлғалардың өтініштері кадр мәселелеріне байланысты.

Департаментте қайтадан келіп түскен  және мерзімі өткен өтініштер тіркелген жоқ .

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдау графигін  Департаменттің ресми сайтында жариялай отырып, азаматтарды алдын ала жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған.  Ағымдағы кезеңде басшылық 3 азаматты қабылдады: Нұра өзені арнасының жағалауын тазарту және нығайту, Жолынбет кентіндегі жағдайды шешу, ұлын жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша. Қабылдау барысында 2 жазбаша  1 ауызша түсініктеме берілді.

Өтініштерді уақытылы қарауды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасына "Е - өтеніш" бойынша есептерді күн сайын жіберіледі, сондай-ақ ай сайын Ақмола облысының ҚР БП ҚСжАЕКБ-мен Департаменттің ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелерінде салыстырып тексеру және мониторинг жүргізіледі.

 

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету

және мемлекеттік тілді дамыту тобының

бас маманы                                                               Ә. Тәшібаева

Дата публикации
02 апреля 2022