Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жедел-құтқару жасағы құтқарушылардың (азаматтық қызметшілер) бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

    1. Құтқарушы, В2-4 санаты жоғары білімді және В3-4 орта білімді:

    Функционалдық міндеттері: авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысу және төтенше жағдайларды жою.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 30 (отыз) жастан аспаған, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі ортадан төмен емес, бойы 165 см, соттылығының жоқтығы туралы анықтаманың, 0-75 нысан бойынша медициналық анықтаманың, жеке куәліктің, әскери билеттің (бар болса) көшірмесінің, дипломның көшірмесінің болуы.

    1. Конкурстық іріктеуден өту тәртібі:

    1) дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру (тартылу, белтемірде күштік жаттығулар кешені, 100 м жүгіру, жүзу және 1000 м жүгіру);

    2) Кәсіби жарамдылыққа әңгімелесу.

    Кандидаттардың құжаттарын қабылдауды Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр саясаты бөлімі Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан - сері көшесі, 124, тел.8 (7162) 25-19-25, 25-47-20,             33-29-76 немесе үміткердің түйіндемесін gkr.o-akm@emer.kz немесе келесі lchs_dchs_akm@emer.kz  электрондық поштаға жіберуге болады.

Дата публикации
19 января 2022