Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2021 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдау жөнінде атқарылған жұмыс туралы есеп

2021 жылы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде, аудандық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерде барлығы 542 өтініш тіркелген, оның ішінде 421 өтінішті жеке тұлғалар және 121 өтінішті заңды тұлғалар құрайды.

Қарау қорытындысы бойынша 168 түсініктеме берілді, 14 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды, 358 өтініш қанағаттандырылды, 2 өтініш бақылауда тұр. 

Заңды тұлғалардың өтініштері көбінесе төтенше жағдайлар мәселелеріне (ауа-райы жағдайын растау, мәліметтер мен түсініктемелер беру, объектілерге тексеру жүргізу, мамандар бөлу және т.б.), жеке тұлғалардың өтініштері кадр мәселелеріне, түсініктеме беру және т.б. байланысты.

Департаментте қайтадан келіп түскен  және мерзімі өткен өтініштер тіркелген жоқ .

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдау графигін  Департаменттің ресми сайтында жариялай отырып, азаматтарды алдын ала жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған.  Ағымдағы кезеңде басшылық 6 азаматты қабылдады: жұмысқа орналастыру, материалдық көмек көрсету, азаматтық қорғау органдарына қайта қабылдау және ТЖД ардагерлер кеңесінің мәселесі бойынша. Қабылдау барысында ауызша түсініктеме берілді.

Өтініштерді уақытылы қарауды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасына "Е - өтеніш" бойынша есептерді күн сайын жіберіледі, сондай-ақ ай сайын Ақмола облысының ҚР БП ҚСжАЕКБ-мен Департаменттің ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелерінде салыстырып тексеру және мониторинг жүргізіледі.

 

 

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету

және мемлекеттік тілді дамыту тобының

бас маманы                                                      Ә. Тәшібаева

Дата публикации
12 января 2022