БЕКІТЕМІН
Ақмола облысының әкімі
_____________ Е. Маржықпаев
2021 жылғы ____ қараша
Облыстық атқарушы органдар мен ұйымдардың, облыс әкімі аппараты бөлімдері басшыларының қатысуымен өткізілген облыс әкімдігі отырысының
ХАТТАМАСЫ
Көкшетау қ. 2021 жылғы 2 қараша
Төрағалық етті: Маржықпаев Е.Б. – облыс әкімі.
Қатысты: Балпан М.С., Әбдіхалықов Ғ.К., Тәткеев М.С., Ыдырысов Қ.М., Рамазанов Е.М., Мысырәлімова А.Е., Қапышв А.Е.
Шақырылғандар: облыстық атқарушы органдардың ұйымдардың, департаменттер мен ведомстволардың, құқық қорғау органдарының басшылары, облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері (тізім бойынша).
30 жылдығын мерекелеу барысы туралы
(Маржықпаев Е.Б., Әміренова А.Б., Сәбитова А.Б.)
- жетекшілік ететін саларында Ақмола облысының тұрғындары көтерген проблемалық мәселелерді ерекше бақылауға алсын;
- БАҚ және әлеуметтік желілерде пайдалану үшін барлық салаларды дамыту бойынша сапалы салыстырмалы талдау дайындасын.
- өңірдегі тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдансын;
- мерекелік іс-шаралар аясында Тәуелсіздіктің қалыптасуына үлес қосқан азаматтардың барлық санаттарына, әсіресе жұмысшы мамандықтарының адамдарына, өз ісіне берілген еңбеккерлерге назар аударсын;
- жоспар мен белгіленген мерзімдерге сәйкес объектілердің ашылуын, әлеуметтік тұрғын үйлердің пайдалануға берілуін қамтамасыз етсін;
- азаматтардың осал топтарына әлеуметтік қолдау шараларын қолдансын;
- «Тәуелсіздік: тарихы 30 (отыз) кезең» тақырыптық онкүндігін сапалы мазмұндық деңгейде өткізсін;
- өткізілетін іс-шараларға ақпараттық жетелеуді қамтамасыз етсін;
- іс-шараларды өткізу кезінде санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етсін.
(Маржықпаев Е.Б., Атығаев Н.Б.)
- қысқы кезең басталғанға дейін қолда бар қар жинағыш және өзге де техниканы дайындыққа келтірсін, сондай-ақ жарамсыз күйдегі техниканы жөндеуді аяқтасын;
- тайғаққа қарсы, жанар-жағар май материалдарын және уақытша жол белгілерін дайындау бойынша жұмысты жандандырсын;
- қар ұстайтын қалқандарды ұлғайту арқылы автомобиль жолдары мен көпірлерді қысқы кезеңде ауа-райының жағымсыз әсерінен қорғау бойынша шараларды күшейтсін;
- жылыту және эвакуацияланатын халықты тамақтандыру пункттерін дайындыққа келтірсін.
- елді мекендерден, оның ішінде тіршілікті қамтамасыз ету, әлеуметтік мақсаттағы объектілерге, тұрғын үйлерге, сумен жабдықтау көздеріне және трассалық медициналық-құтқару пункттеріне кірме жолдарды уақытында тазалауды және қарды шығаруды ұйымдастырсын;
- су тасқынына қарсы жоспарланған іс-шараларды аяқтасын;
-мұз жүру барысында мұз кептелістерін жою бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ инертті, жанар-жағармай материалдарын, қаптар дайындау, қосымша мотопомпалар мен жеңдер сатып алу үшін қаржы қаражатын қарастырсын;
- мотопомпаларды, инженерлік және су айдау техникасын әзірлікке келтірсін.
Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарларына және аппарат басшысына жүктелсін.
Облыс әкімі
аппаратының басшысы А. Қапышев