Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысының хаттамасы

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысының

хаттамасы

 

 

Көкшетау қ.                                                        2021 жылғы 29 қазан ________

 

Төрағалық етті: Ақмола облысының әкімі – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Е.Б. Маржықпаев.

Қатысқандар: комиссия мүшелері және шақырылғандар, тізім бойынша

 

 

ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. «2021-2022 жылдардағы қыс маусымына дайындық туралы»

(Н.Б. Атығаев)

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия мүшелерінің азаматтық қорғау құралымдары мен авариялық-құтқару қызметтерінің қыс маусымы жағдайында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге әзірлігінің мәселелері жөніндегі баяндамасы назарға алынсын.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия проблемалық мәселелерді қарап, ұсынады:

  1. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыстың ішкі саясат басқармасымен, аудандардың, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, қыс маусымында қауіпсіздік қағидаларын халыққа жеткізуді, сондай-ақ дауыл туралы ескертулер, автомобиль жолдарының жабылуы/ашылуы, бұрқасын, қар жаууы және басқа да төтенше жағдайлар туралы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты хабардар етуді ұйымдастырсын;

Орындау мерзімі: 2021 жылғы қараша - 2022 жылғы наурыз

 

  1. Аудандарының, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдіктері:

2.1 күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтап, проблемалық мәселелерді қарай отырып, қыс маусымындағы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың жоспардан тыс отырыстарын өткізсін;

2.2 энергиямен, жылумен және сумен жабдықтау объектілеріндегі аварияларды уақытында жою үшін азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарын және авариялық-техникалық командаларды әзірлікке келтірсін;

2.3 энергиямен жабдықтаудың дербес көздерінің және материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да резервтер қорларының болуын қамтамасыз етсін;

2.4 жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларына түзету енгізсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 15 қарашаға дейін

 

2.5 елді мекендердегі, оның ішінде тіршілікті қамтамасыз ету, әлеуметтік мақсаттағы объектілерге, тұрғын үйлерге, сумен жабдықтау көздеріне және трассалық медициналық-құтқару пункттеріне кіреберіс жолдардағы қарды уақытында тазалауды және шығаруды ұйымдастырсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы қараша - 2022 жылғы наурыз

 

2.6 облыстың су айдындарында, оның ішінде өткелдерде, мұз өткелдерінде және мұз асты балық аулау орындарында мұздың пайда болуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оларға ескерту белгілерін орнату, патрульдеу, аралау және рейдтер ұйымдастырсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 10 желтоқсанға дейін

 

2.7 қыс маусымындағы төтенше жағдайлар орын алған кезде инженерлік және қар тазалау техникасын тарту бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілермен меморандумдар жасассын;

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 15 қарашаға дейін

 

2.8 жанар-жағармай және инертті материалдардың қажетті қорын құрсын, сондай-ақ оларды жинау орындарын анықтасын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 15 қарашаға дейін

 

2.9 ведомстволық бағынысты аумақтарда облыстық ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес «Қыс-2021» оқу-жаттығуын ұйымдастырсын;

2.10 ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп оқу-жаттығу бойынша барлық ұйымдастыру және жоспарлау құжаттарын дайындасын («Қыс-2021» РКШО өткізу жоспары, жоспар, тактикалық-арнайы оқу-жаттығулардың сценарийі, қар басып қалатын учаскелер мен жылыту пункттерін жағумен картографиялық материалдар).

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету жөніндегі облыстық штабты шоғырландыру орны болып Ерейментау ауданының әкімдігі белгіленсін.

Орындау мерзімі: оқу-жаттығу басталғанға дейін және кезеңінде

 

  1. Ерейментау ауданының әкімдігі:

3.1 «Қыс-2021» республикалық оқу-жаттығуын өткізу кезеңінде қажетті ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ете отырып, облыстық штабты орналастыру үшін үй-жайды анықтасын;

3.2 «Қазақтелеком» АҚ орталық өңірлік телекоммуникация дирекциясының филиалымен бірлесіп, жедел ақпарат алмасу үшін оқу-жаттығудың облыстық басшылық штабы мен облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғау қызметтері арасында тұрақты интернет-байланысты қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: оқу-жаттығу басталғанға дейін

 

  1. Аудандардың, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларының әкімдіктері, облыстық азаматтық қорғау қызметтері азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарының күштері мен құралдарының дайындық жағдайын тексерсін. Тексеру нәтижелері туралы дайындықты тексеру актілерін облыстың ТЖ департаментіне ұсынсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 15 қарашаға дейін

 

  1. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» ЖШС Ақмола филиалы:

5.1 республикалық деңгейде қосымша қар тазалайтын және ауыр сүйреткіш техниканы сатып алу немесе оны жалға алу жөнінде шарттар жасасу мәселесін пысықтасын.

5.2 Ерейментау (Торғай ауылы ауданында «Нұр-Сұлтан-Шідерті» а/ж) және Аршалы (Аршалы ауылы ауданында «Нұр-Сұлтан-Теміртау» а/ж) аудандарында орналасқан жылыту пункттерін пайдалануды қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы қараша-2022 жылғы наурыз

 

5.3 ДЭУ-92 және ДЭУ-94 қар тазалау техникасының санын ұлғайтсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін

 

5.4 ортақ пайдаланылатын автожолдарда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жедел шаралар қабылдау мақсатында, Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментіне қар жинайтын техниканың GPS-трекерлеріне рұқсат берсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы қараша - 2022 жылғы наурыз

 

  1. «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, жол қызметтерімен, аудандардың, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп:

6.1 қолда бар қар жинағыш және өзге де техниканы дайындыққа келтіру, сондай-ақ жарамсыз күйдегі техниканы жөндеуді аяқтасын;

6.2 жолдарды уақытында тазарту және қосымша қар жинау техникасын тарту үшін мердігер ұйымдармен шарттар жасасу үшін қаражат қарастырсын;

6.3 тайғаққа қарсы және жанар-жағармай материалдары мен уақытша жол белгілерін дайындау бойынша жұмысты жандандырсын;

6.4 эвакуацияланатын халық үшін жылыту және тамақтану пункттерін дайындыққа келтірсін;

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 15 қарашаға дейін

 

6.5 қар ұстайтын қалқандарды ұлғайту жолымен қыс маусымында автомобиль жолдары мен көпірлерді ауа райының жағымсыз әсерінен қорғау жөніндегі шараларды күшейтсін;

6.6 елді мекендерден, оның ішінде тіршілікті қамтамасыз ету, әлеуметтік мақсаттағы объектілерге, тұрғын үйлерге, сумен жабдықтау көздеріне және трассалық медициналық-құтқару пункттеріне кіреберіс жолдарды уақытында тазалауды және қар шығаруды ұйымдастырсын;

6.7 қар құрсауын үздіксіз және уақытында тазалауды қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда қолда бар қар жинағыш техникасын бөлсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы қараша - 2022 жылғы наурыз

 

  1. Ақмола облысының полиция департаменті:

7.1 қыс маусымын өткеру кезеңінде жолдарды күтіп ұстау мониторингі бойынша жұмысты бастасын;

7.2 облыстың автомобиль жолдарындағы қозғалысты уақытында жабу немесе шектеу үшін шекара маңындағы облыстардың полиция департаменттерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырсын, сондай-ақ

автоколонналарды көрші облыстардың шекарасына дейін алып жүру кезінде;

7.3 блок посттарда қозғалысты жабу немесе шектеу кезеңінде жол жүрісіне қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын;

7.4 қала сыртындағы трассаларда қозғалысты шектеу мақсатында дауыл ескертулерін алған кезде (көрінуді шектеу, жел мен жауын-шашынның күшеюі, өте төмен температураларды белгілеу) автокөліктің елді мекендерден тыс жерлерге шығуына жол бермесін;

7.5 өте қажет болған жағдайда шектеулі көріну кезінде жылжымалы автокөлік арасында рұқсат етілген жылдамдық пен қашықтықты белгілей отырып, колонналық қозғалысты ұйымдастырсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы қараша-2022 жылғы наурыз

 

  1. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы:

8.1 Денсаулық сақтау объектілерінің халыққа уақытында шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайындығын, оның ішінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен толықтырылуын қамтамасыз етсін, сондай-ақ қосымша төсек-орындар құрсын.

8.2 Аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, ауыр науқас адамдар мен жүкті әйелдердің есебін жүргізуді ұйымдастырсын, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды шұғыл ауруханаға жатқызуды қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 15 қарашаға дейін

 

  1. «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Ақмола филиалы жедел шаралар қабылдау үшін болжамды деректерді, сондай-ақ дауылды ескертулер туралы мәліметтерді мүдделі мемлекеттік органдарға алдын ала ұсынуды қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы қараша - 2022 жылғы наурыз

 

  1. 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы

(Н.Б. Атығаев)

 

  1. Аудандарының, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының әкімдіктері:

10.1 ТЖ алдын алу және жою бағдарламасы, төтенше резерв және шұғыл шығындарға арналған резерв, сондай-ақ қар шығаруға, жарылыс жұмыстарын жүргізуге, ЖЖМ жеткілікті мөлшерін, қаптарды, инертті материалдарды және т.б. сатып алу бойынша облыстың қалалары мен аудандарының 2022 жылға арналған бюджеттерінде қаржы қаражатының көлемін ұлғайтуды көздесін.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін

 

10.3 аулалық аумақтардағы қарды тазалау және шығару, арықтарды, су бұру арналарын, құбырларды және іргелес аумақтарды тазалау қажеттілігі туралы халықпен үгіт-профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын;

10.4 елді мекендерден қар шығару, облыстың елді мекендеріндегі су өткізу құбырларын, арықтарды, су бұру арналарын тазарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы қараша - 2022 жылғы наурыз

 

10.5 энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, коммуналдық қызметтердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың инженерлік және су сорғыш техникаларын дайындасын және жөндесін;

10.6 көктемгі кезеңде төтенше жағдайлар орын алған жағдайда инженерлік және су сору техникасын тарту бойынша шаруашылық субъектілерімен меморандумдар, шарттар жасасу жұмысын жүргізсін;

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін

 

  1. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Қазсушар» ШЖҚ РМК Ақмола филиалы, аудандардың, Қосшы және Көкшетау қалаларының әкімдері:

         11.1 гидротехникалық құрылыстарды дайындау және жөндеу, жөндеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, қанағаттанарлықсыз және авариялық жағдайдағы бөгеттер мен өзге де қорғаныс құрылыстарын нығайту жөніндегі жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырсын, оларды транзиттік режимге көшірсін;

         11.2 су ағынының қозғалысына кедергі келтіретін өзен арналарында өз бетімен салынған құрылыстарды анықтасын және демонтаждау бойынша жұмыс жүргізсін. Нысаналы мақсаты жоқ және су тасқыны өту кезеңінде су шайылған жағдайда қауіп төндіретін уақытша бөгеттерді, бөгеттерді демонтаждасын;

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін

 

11.3 гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйіне тұрақты мониторинг ұйымдастырсын;

Орындау мерзімі: ай сайын 2022 жылғы 20 наурызға дейін,

су тасқыны кезеңінде тәулік бойы

 

11.4 шайылу қаупі бар жерлерде қаптар мен инертті материалдарды дайындауды ұйымдастырсын;

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін

 

  1. Аршалы ауданының әкімдігі Жібек жолы а. мен Донецкое а. инженерлік қорғау жөніндегі жоспарлы іс-шаралардың жүргізілуін аяқтасын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 15 қарашаға дейін

 

  1. Көкшетау қаласының әкімдігі инженерлік қорғау жөніндегі жоспарлы іс-шаралардың жүргізілуін аяқтасын.

Орындау мерзімі: 2021 жылғы 15 қарашаға дейін

 

  1. «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалы облыс аумағында күтілетін ауа райының жалпы сипаттамасы, жауын-шашынның орташа көп жылдық мәні мен айлық нормалары, топырақтың ылғалдануы және облыс өзендерінің гидрологиялық параметрлері бойынша ақпаратты, сондай-ақ алдағы су тасқыны кезеңін болжау және мониторингілеу үшін қажетті өзге де мәліметтерді Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

Атқарылған жұмыс туралы ақпаратты Ақмола облысы ТЖ департаментіне ұсынсын: 1-мәселе бойынша lchs_dchs_akm@emer.kz, 2-мәселе бойынша pchs_dchs_akm@emer.kz электрондық мекенжайға.

Осы хаттаманың орындалуын бақылау Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментіне (Н.Б. Атығаевқа) жүктелсін.

 

 

Төтенше жағдайлардың

алдын алу және жою жөніндегі

облыстық комиссияның төрағасы –

Ақмола облысының әкімі                                            Е. Маржықпаев

 

 

Комиссия хатшысы                                                           Е. Берлібеков

Дата публикации
23 декабря 2021