Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспарлы отырысының хаттамасы

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспарлы отырысының

хаттамасы

Көкшетау қ.                                                                                       2021 жылғы 29 қыркүйек

 

Төрағалық етуші: Ақмола облысы әкімінің орынбасары – төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары М.С. Тәткеев.

Комиссия мүшелері: тізім бойынша.

Шақырылғандар: тізім бойынша

 

ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:

«2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңіне өрт қауіпсіздігі бойынша әлеуметтік объектілердің дайындығы туралы»

(Н.Б. Атығаев)

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия проблемалық мәселелерді қарап және талқылап, ҰСЫНАДЫ:

  1. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларының әкімдері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне тиісті ақпаратты ұсына отырып, өрт-профилактикалық көмекке мұқтаж көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүгедектер және зейнеткерлік жастағы жалғыз тұратын адамдар туралы деректерге түзету жүргізсін.

Орындау мерзімі: а. ж. 15 қазан

 

  1. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларының әкімдері ТЖ Департаментімен, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп 2021-2022 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру үшін, сондай-ақ жылыту аспаптары мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне (100% қамтумен) қайта комиссиялық баруды ұйымдастырсын.

Орындау мерзімі: 2021-2022 ж. жылыту кезеңінде

ай сайын 25-не дейін.

 

  1. Ішкі саясат басқармасы ТЖ Департаментімен, білім басқармасымен бірлесіп:

- балалардың отпен ойнауына байланысты өрттердің алдын алу мақсатында білім басқармасымен бірлесіп мектептерде интернет-ресурстар мен интерактивті байланыс мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды қамтамасыз ету;

Орындау мерзімі: 2021-2022 оқу кезеңі

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында пештерді және электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезінде отпен абай болу, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу;

Орындау мерзімі: 2021-2022 ж. ж. жылу беру кезеңінде

 

  1. Экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріндегі улы газ датчиктерін сатып алу және түтіндіктерді тазарту үшін қаржы қаражатын бөлу тетігін айқындасын. Алдағы уақытта бұл механизмді аудандар мен қалалар әкімдіктеріне жеткізсін.

Орындау мерзімі: а. ж. 8 қазанға дейін

 

  1. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларының әкімдеріне:

- жеке тұрғын үйлерде автономды датчиктер (түтін немесе улы газ) орнату және халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде түтіндіктерді тазарту жұмыстарын жалғастыру;

-энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, тұрмыстық газ баллондарын және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану қағидаларын сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

- телеарналарда үгіт материалдарын (жадынамалар, парақшалар, баннерлер) дайындауға және әлеуметтік бейнероликтерді, сондай-ақ баспа басылымдарында жарияланымдарды ротациялауға мемлекеттік тапсырысты іске қоса отырып, қаржы қаражатын бөлуді жоспарлау;

- газбен жабдықтау ұйымдары мен басқа да жауапты және атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша мақсатты семинарлар ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізу;

- тұрғын үй секторында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша атаулы алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Орындау мерзімі: 2021-2022 ж. жылыту кезеңінде

ай сайын 25-не дейін.

 

 

Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етілсін.

Атқарылған жұмыс туралы ақпаратты Ақмола облысы ТЖ департаментіне gpk_dchs_akm@emer.kz электронды мекенжайға ұсынсын.

Осы хаттаманың орындалуын бақылау Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне (Н.Б. Атығаева) жүктелсін.

 

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу

және жою жөніндегі облыстық комиссия

төрағасының орынбасары –

Ақмола облысы әкімінің орынбасары                                М. Тәткеев

 

 

Комиссия хатшысы                                                           Е. Берлібеков

Дата публикации
23 декабря 2021