Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі-Департамент) іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 19 тамызда Көкшетау қаласының жағалауында үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдармен (бұдан әрі-ҮЕҰ) кездесу өтті, онда департамент қызметкерлері ҮЕҰ өкілдерімен және волонтерлермен (Жас отан, Феникс жастар қанатының, Көкшетау қаласының құрылыс-техникалық колледжінің және «Арна» колледжінің өкілдері қатысты) жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіруге қатысты оқыту өткізді.
Аталған іс-шарада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды, атап айтқанда үгіт-насихат іс-шараларын таратумен аулаларды аралау, жиындар мен рейдтерді бірлесіп өткізу.
Ерікті қызметтің маңызды элементі-бұл практикалық көмек қана емес, сонымен қатар патриотизм мен адамның жағымды қасиеттерін тәрбиелеу.