Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлардепартаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы туралы Ереже

Қазақстан Республикасы  ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының

2021 жылғы «___»  _________№ ____ бұйрығына

___қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі

Ақмола облысы  Төтенше жағдайлардепартаментінің

Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы туралы

Ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Төтенше жағдайлардың алдын-алу басқармасы (бұдан әрі-басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады..
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министірлігі бекіткен Департаменттің штат кестесімен анықталады.Басқарманың бастығы мен қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығын Департаменттің бастығы бекітеді.
  4. Басқарма бастықтан, бас маманнан, аға инженерден, инженерден және мемлекеттік әкімшілік қызметші бас маманнан тұрады.

 

2-тарау. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету.

Функциялары:

  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
  • өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу;
  • Өз құзыреті шегінде Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік, салалық бағдарламаларында және тұжырымдамаларында, стратегиялық жоспарында, жыл сайынғы операциялық жоспарларында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен министр арасындағы жыл сайынғы меморандумдарда, Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы Министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша сектораралық келісімдерде көзделген іс-шараларды қалыптастыруды және одан әрі практикалық іске асыруды қамтамасыз ету;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар және Басқарма құзыретіне кіретін хаттамалық шешімдердің орындалуы туралы ақпарат дайындау;
  • Басқарманың құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың алдын алу мүддесінде қару-жараққа, техникаға және басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілікті айқындау;
  • Басқарманың құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша күштер мен құралдарды құруға, дайындауға және қолдануға әзірлікте ұстауға қатысу;
  • Ақмола облысы әкімдігі жанындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету (жұмыс жоспарын жасау, материалдарды қалыптастыру, отырыстарды дайындау және өткізу), оның хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
  • халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру;
  • Министрліктің, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру;
  • Министрліктің Алқа отырысы үшін материалдар, сондай-ақ Басқарманың жұмысына қатысты бөлігінде қаулылардың орындалуы туралы ақпарат дайындау;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы аналитикалық-ақпараттық жұмыс;
  • халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық және желіаралық,орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылдың жай-күйін талдау;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласында халықты, ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін білімді насихаттауды, оқытуды ұйымдастыру;
  • Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы өзара іс-қимылын және қызметтік жұмысын бақылауды ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін, халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы хабарберуді ұйымдастыру;
  • қауіпті табиғи құбылыстарға мониторинг және оларды болжауды жүргізетін ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • Департаменттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы қызметін үйлестіру;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеуді және қолдануды жүзеге асыру;
  • Ақмола облысы аумағындағы су тасқыны жағдайының мониторингін жүзеге асыру;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жерүсті және ғарыштық мониторинг жүйесінің (байқау, болжау, бақылау қызметтері) жай-күйі мен дамуын талдау;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын бағалау үшін жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану;
  • басқарма қызметінің мәселелеріне қатысты нормативтерді, стандарттары мен қағидаларды келісу;
  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы есептерді дайындау және белгіленген тәртіппен Департамент басшылығының қарауына енгізу;
  • елді мекендер мен шаруашылық жүргізу объектілерін тасқын судан және су басудан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
  • облыс әкімдігінің резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға қаражат бөлу туралы сұрау салуды қарау;
  • құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы жұмыстарын үйлестіру;
  • азаматтық қорғау саласында волонтерлердің қызметін жалпы үйлестіру;
  • облыс аумағының қауіпсіздік паспортын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогын, олардың әсер ету аймақтарында орналасқан облыстың су тасқыны қаупі бар учаскелері мен объектілерінің паспорттарын әзірлеу;
  • Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға көмек көрсету;
  • Басқарма құзыреті шегінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаты, ауқымы, тәуекел дәрежесі туралы бірыңғай деректер банкін құруға қатысу;
  • мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды қамтамасыз ету мына мәселелер бойынша:

табиғи дүлей зілзалалардың туындауы бойынша қауіпті ошақтарды, учаскелер мен аймақтарды анықтау және мониторинг жүргізу;

         су тасқыны, су басу әсеріне ұшырағыш аумақтар мен учаскелерді есепке алу;

қауіпті учаскелерді, аймақтар мен ошақтарды анықтау, есепке алу және су тасқыны, бөгеттердің бұзылуы, жануарлар мен өсімдіктердің қауіпті аурулары, зиянкестердің пайда болуы бойынша;

су тасқыны қауіпті учаскелердегі құрылыс жағдайы;

         су тасқыны, бөгеттердің бұзылуы, орман өрттері, жануарлар мен өсімдіктердің қауіпті аурулары және зиянкестермен байланысты төтенше жағдайлардың туындау фактісі бойынша Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен жедел ақпаратпен өзара алмасу.

33) Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.

34) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Департамент басшылығының қарауына Басқарманың құзыретіне кіретін төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бастығы жанындағы Кеңестің жұмысына және басқа да кеңестерге қатысу;

3) Департаменттің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жұмыс жағдайына тақырыптық тексерулерді жүзеге асыру, кешенді тексерулерді дайындауға және жүргізуге қатысу;

4) аналитикалық зерттеулер, тексерулер және қызметтік тергеулер нәтижелері бойынша Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің, сондай-ақ нақты лауазымды тұлғалардың қызметіне баға беру;

         5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің аумақтық бөлімшелерін және ведомстволық бағынысты ұйымдарын тыңдау туралы ұсыныстар енгізу;

6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар ұйымдастыру және өткізу.

  1. Заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Басқарманы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.
  3. Басқарма бастығы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты.
  4. Осы мақсатта басқарма бастығы:

1) Басқарманың құрамына кіретін мамандардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. басқармасының бас маманы:

1) өз өкілеттіктері шегінде басқарманың қызметін үйлестіреді;

2) басқарма бастығы болмаған кезеңде бастықтың орынбасары Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

  1. Басқарманың бас маманы:

1) Өз өкілеттігі шегінде Басқарманың қызметін үйлестіреді;

2) басқарма бастығы болмаған кезеңде басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

  1. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
  2. Қажет болған жағдайда басқарма осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды.

 

 

Әзірледі:

Кадр саясаты басқармасы

бастығының міндетін атқарушы

азаматтық қорғау подполковнигі                                                    Д. Аманкешұлы

 

 

Төтенше жағдайлардың

алдын алу басқармасының

бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі                                                           Е. Берлібеков

 

 

Келісілді:

Заң тобының бас маманы                                                                   А. Қарабекова

 

 

Дата публикации
09 апреля 2021