Көкшетау қаласы 2021 жылғы 31 наурыз
Төрағалық етуші: Ақмола облысы әкімінің орынбасары – төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары А. Мұратұлы
Комиссия мүшелері: тізім бойынша.
Шақырылғандар: облыстық басқармалардың, ұйымдардың, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде (тізім бойынша).
ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:
«Облыс аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе туындаған кезде халықты хабардар ету және хабардар ету жүйесін дамыту туралы»
(Атығаев Н.Б.)
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі немесе туындауы, адамдардың өміріне, денсаулығына қатер төнуі және қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, сондай-ақ халықты және облыстың басқару органдарын хабардар ету жүйесін жетілдіру мақсатында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия мыналарды ҰСЫНАДЫ:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы туралы халықты уақтылы хабардар ету үшін аудандық деңгейдегі басқару пульттерін және дабыл-сөйлеу қондырғыларын сатып алуға кезең-кезеңімен ақша қаражатын бөлу мәселелерін пысықтасын.
Анықтама: 2021 жылға арналған 1 Дабыл-сөйлеу қондырғысы бар аудандық деңгейдегі құлақтандыру жүйесі жиынтығының шамамен алғандағы құны 23 млн. теңгені және 2021 жылға арналған "С-40" маркалы электр сиренасын – 300 мың теңгені құрайды.
Орындау мерзімі: жартыжылдық бойынша
(а. ж. 5 шілдесіне және 10 желтоқсанына)
2) шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларымен адамдар жаппай болатын объектілерде (ірі сауда орталықтары, балаларды сауықтыру лагерьлері, емдеу мекемелері және т.б.) және қауіпті өндірістік объектілерде (гидротехникалық құрылыстар, өнеркәсіптік және химиялық объектілер, жарылғыш және химиялық заттар қоймалары) жергілікті құлақтандыру жүйелерін құру және енгізу жөніндегі мәселелерді шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты есебінен пысықтасын.
Орындау мерзімі: жартыжылдық бойынша
(а. ж. 5 шілдесіне және 10 желтоқсанына)
Орындау мерзімі: жартыжылдық бойынша
(а. ж. 5 шілдесіне және 10 желтоқсанына)
Орындау мерзімі: жартыжылдық бойынша
(а. ж. 5 шілдесіне және 10 желтоқсанына)
Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етілсін.
Белгіленген мерзімдерге сәйкес атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты Ақмола облысы ТЖ департаментіне келесі электрондық мекен-жайға ұсынсын: pchs_dchs_akm@emer.kz факс бойынша 8 (7162) 25 68 78.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментіне (Н.Б. Атығаев) жүктелсін.
Төтенше жағдайлардың алдын алу
және жою жөніндегі облыстық
комиссия төрағасының орынбасары
- Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мұратұлы