Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Көкшетау қаласы                                                       2021 жылғы 26 наурыз

 

 

Төрағалық етті: Ақмола облысының әкімі – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Е.Б. Маржықпаев.

Комиссия мүшелері: тізім бойынша.

Шақырылғандар: облыстық басқармалардың, ұйымдардың, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, аудандар мен қалалардың әкімдері.

 

«2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы
және тасқын суларды апатсыз өткізу туралы»

(Атығаев Н.Б., Мақажанова Б.Р., Әубәкіров Р.Ш., Кулаков В.З.)

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия мүшелерінің баяндамалары мен сөз сөйлеулері назарға алынсын және ҰСЫНЫЛСЫН:

  1. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері:

1.1. елді мекендерден қар шығару жұмысын жандандырсын;

1.2. су өткізу құрылыстарын, жауын кәріздерін, су ағу арықтарын және науаларын тазарту жұмыстарын аяқтасын;

1.3. елді мекендерде су бұру арналарын (орларды) жайластыру жұмысын ұйымдастырсын;

1.4. жол қызметтерімен бірлесіп, су тасқыны басталғанға дейін айналма жолдардың болуын анықтау, сондай-ақ жол төсемі тасқын сулармен шайылған жағдайда шектеу жол белгілерін дайындасын;

1.5. шаруашылық жүргізуші субъектілермен көктем кезеңіндегі ықтимал ТЖ жоюға қосымша инженерлік техника тарту жөнінде меморандумдар жасассын.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі басталғанға дейін

 

1.6. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Ақмола облыстық аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуі «күнделікті қызмет» режимінен «жоғары әзірлік» режиміне ауыстырылсын. «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 4-бабы 5-тармағының 2-тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.

1.7. облыстық жедел штабқа мәліметтерді уақытында және жедел ұсынуды қамтамасыз ете отырып, аумақтық су тасқынына қарсы штаптардың жұмысын, сондай-ақ олардың қызметіне қатаң бақылауды ұйымдастырсын;

1.8. төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін «төтенше жағдай» режиміне көшірсін және тиісті шешімнің көшірмелерін ұсына отырып, облыс әкімдігі мен ТЖ департаментін жедел хабардар ете отырып, халықты қорғау және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі іс-шараларды орындауға дереу кіріссін;

1.9. су объектілеріне (өзендер, су қоймалары және т.б.) жақын орналасқан елді мекендерді су басуға жол бермеу бойынша қажетті шаралар қолдансын;

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

  1. Білім басқармасы аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, оларға медициналық-психологиялық көмек көрсету мүмкіндігімен эвакуацияланатын халықты орналастыру орындарын анықтасын.

       Орындау мерзімі: ағымдағы жылдың 5 сәуіріне дейін

 

  1. «Қазсушар» ШЖҚ РМК Ақмола филиалы:

3.1. ірі су қоймаларынан (Астана, Селеті, Шағалалы) елді мекендердің су басуына және автомобиль жолдарының толып кетуіне қауіп төндірмейтін көлемде жоспарлы су ағызуды жүзеге асырсын;

 Орындау мерзімі: жоғары ағын басталғанға дейін

 

3.2. филиалдың күштері мен құралдарын авариялық және қанағаттанарлықсыз жағдайдағы гидротехникалық құрылыстарға жіберсін;

Орындау мерзімі: ағымдағы жылдың 5 сәуіріне дейін

 

3.3. қанағаттанғысыз және авариялық жағдайдағы гидротехникалық құрылыстарды нығайту немесе транзиттік режимге көшіру жөнінде жедел шаралар қолдансын.

       Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

  1. Төтенше жағдайлар департаменті тасқын суларын апатсыз өткізу жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмысын ұйымдастырсын. Күн сайын облыс әкімдігіне су тасқынының өту барысы туралы ақпарат ұсынып отырсын. Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда оны тұрақтандыру бойынша шаралар қолдансын.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

  1. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазавтожол» ҰК» АҚ филиалдары, Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ - Ақмола магистральдық желі бөлімшесі, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері:

5.1. су тасқыны кезеңінде автомобиль және темір жолдары төсемдерін су басуымен байланысты ықтимал авариялық жағдайлардың салдарын жою үшін инженерлік техниканың дайындығын қамтамасыз етсін;

Орындау мерзімі: ағымдағы жылдың 5 сәуіріне дейін

 

5.2. автомобиль және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын, көпірлерді тазартуды аяқтасын.

Орындау мерзімі: ағымдағы жылдың 5 сәуіріне дейін

 

5.3 автомобиль және темір жолдарда еріген қар суларының құйылуына, сондай-ақ елді мекендер арасында қатынастың болмауына жол бермесін.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

  1. Көкшетау қаласының әкімі:

6.1 Шағалалы өзенінің бойында орналасқан саяжай иелеріне Шағалалы су қоймасынан су жіберу тәртібі туралы хабарлауды және ақпараттандыруды ұйымдастырып қамтамасыз етсін;

Орындау мерзімі: ағымдағы жылдың 5 сәуіріне дейін

 

6.2 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссияның темір жол саяжай массивтерін су басу қаупін жою мәселесі бойынша жоспардан тыс отырысын нақты шешімдер әзірлей отырып өткізсін;

Орындау мерзімі: ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін

 

6.3 №12 ОМ ауданындағы автомобиль көпірі учаскесінде тұрғын және өзге де объектілерді су басуға жол бермесін;

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

  1. Атбасар ауданының әкімі инертті материалы (құм) бар қаптардың жеткілікті мөлшерін дайындап, оларды жер білігінің шетіне (әлсіреген жерлерде, ойықтарда) жинап қоюды қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: ағымдағы жылдың 5 сәуіріне дейін

 

  1. Астрахан, Атбасар, Аршалы, Бурабай, Ерейментау, Зеренді, Сандықтау және Целиноград аудандарының, сондай-ақ Көкшетау қаласының әкімдері өңірлердің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексеру қорытындылары бойынша көрсетілген облыстық жұмыс тобының ескертулерін орындауды және жоюды қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: ағымдағы жылдың 5 сәуіріне дейін

 

 

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, халықты эвакуациялауға, сондай-ақ су тасқыны кезеңінде берілген күштер мен құралдарды орналастыруға арналған орындарда санитарлық режимді бақылауды қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі: су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін

 

Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қамтамасыз етілсін.

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат Ақмола облысы
ТЖ департаментіне pchs_dchs_akm@emer.kz электронды мекенжайы және 8 (7162) 55 14 73  факсі бойынша ұсынылсын.

Осы хаттаманың орындалуын бақылау Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментіне (Н.Б. Атығаев) жүктелсін.

 

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу

және жою жөніндегі облыстық

комиссияның төрағасы

– Ақмола облысының әкімі                                            Е. Маржықпаев

Дата публикации
09 апреля 2021