Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті заң тобының туралы ереже

       Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының                         бұйрығына 2021 жылғы «____» __________

№ ____

№ ____ қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті

заң тобының туралы

ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің заң тобы (бұдан әрі – Топ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Топтың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі – Министр) бекітеді.

 

2-тарау. Заң департаментінің негізгі міндеттері, функциялары

мен құқықтары

 

  1. Міндеті:

Департаменттің қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Департамент қызметіндегі құқықтық актілерге мониторинг жүргізеді;

2) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;

3) соттарда, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Департаменттің мүдделерін білдіреді;

4) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді;

5) құзыреті шегінде Департаменттің пайдасына заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

  1. Міндеті:

Департаменттің заңнаманы қолдану практикасын қорыту.

Функциялары:

тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Департаменттің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

  1. Міндеті:

құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.

Функциялары:

1) Департамент әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады;

2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Департамент бастығының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды.

  1. Міндеті:

Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру.

Функциялары:

 1) Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды жүзеге асырады;

2) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Департамент атынан түсініктеме дайындайды.

  1. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді сұратады;

2) Департамент басшылығының келісімімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және Департаменттің құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі іс-шаралар мен Департаментте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды іске асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін тартады;

3) заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерінде аумақтық органдарға, сондай-ақ Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетеді;

4) заңдарда, заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттер.

 

 

 

 

3-тарау. Заң тобының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Топ қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент бастығы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Топқа осы және Үкіметтің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеге сәйкес олардың қызметіне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.
  4. Департаментте бөлінген бюджет қаражатының шегінде Топтың тиімді және сапалы қызметі үшін мыналарды қоса алғанда, тиісті жағдайда жасалады:

жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөнiндегi мерзiмдi баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетiмен, сондай-ақ оқтын-оқтын жаңартылып отыратын нормативтiк құқықтық актілердiң электрондық қорымен қамтамасыз ету;

Топ қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру үшін тұрақты негізде іс-шаралар

ұйымдастырылады.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастық сыйлық берудiң қолданылып жүрген жүйесiн және бар мүмкiндiктердi ескере отырып, заң қызметiнiң қызметкерлерiне қосымша материалдық ынталандыру белгiлеуге құқылы.
  2. Департаменттің өзін қайта ұйымдастыру немесе тарату жағдайларын қоспағанда, Топты таратуға жол берілмейді.

 

 

Әзірленген:

 

Ақмола облысы ТЖД

Кадр саясаты басқармасы бастығының

м. а. азаматтық қорғау подполковнигі                                      И.А. Хлопко

 

 

Ақмола облысы ТЖД

Заң тобының бас маманы                                                           А.Н. Қарабекова

 

Келісілді:

Ақмола облысы ТЖД

Заң тобының бас маманы                                                           Х.А. Шержанов

Дата публикации
08 апреля 2021