Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің штаб (бөлімше құқығында) туралы ереже

             Ақмола облысы

                                                   Төтенше жағдайлар департаменті

                                                                  бастығының бұйрығына  №___  2021  

                                                                    жылғы  «__» ________№___ қосымшасы

 

                                                          

               Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің штаб (бөлімше құқығында) туралы ереже

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Штаб (бөлімше құқығында) (бұдан әрі - Штаб) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Штабтың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
  4. Штаб үш қызметкерден :

         1) бастық (азаматтық қорғау қызметкері);

         2) бас маман (азаматтық қорғау қызметкері);

         3) аға инспектордан (азаматтық қорғау қызметкері) тұрады.

 

2 тарау. Штабтың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті:

Департаменттің қызметін үйлестіру және басқарушылық шешімдерді әзірлеу.

Функциялары:

         1) Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді дайындау және енгізу;

         2) Департамент басшылығына тиімділікті арттыру бойынша тиісті ұсыныстар енгізе отырып, құрылымдық және аумақтық қызметтерінің, сондай-ақ Департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басқару қызметінің жай-күйін, оның жұмысының соңғы нәтижелеріне ықпал ету дәрежесін зерделеу;

         3) қызметтің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдарын, Департамент бастығының баяндамаларын және сөз сөйлеу тезистерін дайындау;

         4) Департамент жұмысының нәтижелері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдарды және есептік құжаттардың жобаларын, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттарды дайындауға қатысу;

         5) азаматтық қорғау органдарының қызметіне әсер ететін құрылымдық және аумақтық бөлімшелерден келіп түсетін ақпаратты жинақтау, қорыту;

         6) Департамент басшылығының іс-шаралар графигін ұйымдастыру және қалыптастыру;

         7) Департамент бастығының қолы қойылған хаттарды, нұсқауларды, бұйрықтарды келісуді жүргізу;

  1. Міндеті:

Департамент бастығының жанында жедел және аппараттық кеңестерді ұйымдастыру және өткізу.

Функциялары:

         1) жедел жағдайды, азаматтық қорғау органдары жұмысының нәтижелерін талдау негізінде, Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, жобаларды әзірлеу және Департамент бастығына бекітуге енгізу:

          жедел кеңестердің жұмыс жоспары (тоқсандық);

        құрылымдық және аумақтық бөлімшелер, Департаментке бағынысты мемлекеттік мекемелер басшылығының аппараттық кеңестерде сөз сөйлеу графиктерін (тоқсандық);

         2) Департамент бастығы жанындағы жедел және аппараттық кеңестерді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

         3) ақпараттық-анықтамалық материалдарды, басқарушылық шешімдер жобаларын дайындауды жүзеге асыру, сондай-ақ алқалы жұмысты жүргізуге байланысты басқа да рәсімдік және ұйымдастыру мәселелерін іске асыру;

         4) Департамент бөлімшелерінің Департамент басшылығы жанындағы жедел және аппараттық кеңестерді ұйымдастыруы кезінде белгіленген тәртіп пен регламенттің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

  1. Міндеті:

         Департаментте қызметтік жұмыстарға бақылау жасауды жүзеге асыру.

         Функциялары:

         1) Департаменттің атқарушылық тәртібін бақылау жөніндегі комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

         2) Департаментте орындаушылық тәртіпті бақылау жөніндегі комиссия құрамы туралы бұйрық жобасына өзгерістер енгізу және дайындау;

         3) Министрліктің Алқасының, Министр, Департамент бастығы жанындағы жедел кеңестердің шешімдерін, Министрлік жоспарлары мен басқа да директивалық құжаттарын орындау үшін іске асырылатын іс-шаралардың нақты орындалуын тексеру;

4) келіп түскен тапсырмалар мен құжаттар бойынша олардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін орындаудың бақылау мерзімдерін белгілеу,

қажет болған жағдайда Департамент бастығына тиісті шешімдер қабылдау үшін уақтылы орындалмайтын және/немесе орындалмаған құжаттар туралы ақпараттық материалдарды енгізу, сондай-ақ Департаменттің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің, мемлекеттік мекемелердің орындауындағы бақылау құжаттары бойынша аралық бақылауды (салыстырып тексеруді) жүргізу;

         5) Департаментте орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы аналитикалық материалдарды дайындау;

         6) Департаменттің жедел және аппараттық кеңестерінің жұмыс жоспарларының орындалуын мониторингілеу, талдау және бақылау; ;

         7) Департамент басшылығының іс-шаралар графигіне сәйкес Департамент бастығының кеңестерге қатысуына анықтамалық, ақпараттық-аналитикалық материалдардың, баяндамалар мен сөз сөйлеулер тезистерінің дайындалуын қадағалап үйлестіру.

  1. Міндеті:

Департаменттің қарамағындағы құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің, мемлекеттік мекемелердің қызметтік жұмысын тексеруді жүзеге асыру.         Функциялары:

         1) Департаменттің бақылау-тексеру іс-шаралары жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету (жылдық);

         2) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріндегі, ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріндегі ұйымдастырушылық-басқару, қызметтік жұмыстарға, орындаушылық тәртіптің жай-күйіне жоспарлы және жоспардан тыс кешенді, тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ тексерістердің нәтижелері бойынша материалдарды (анықтамаларды) Департамент бастығының қарауына ұсыну;

         3) жоспарлы және жоспардан тыс тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізуге жоспар-тапсырмалар (құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің ұсыныстары негізінде) дайындау;

         4) Департамент жұмыстары нәтижелерінің жай-күйі туралы әр өңір бойынша мәліметтер жинақтауды, талдап жүйелеуді жүзеге асырады, нәтижелері бойынша Департамент бастығына қызметтік жұмыстардағы өзгерістерге тиісті ден қою шаралары туралы ұсыныстар енгізу;

5) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері  қызметтік жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған, оның ішінде тексерістердің қорытындылары бойынша ұсынымдар, ұсыныстар (соның ішінде төмен тұрған бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестірудегі құрылымдық бөлімшелердің рөлін зерделеу нәтижелері бойынша) әзірлеу;

         6) аумақтық бөлімшелерде бақылауды (тексерулерді) жүзеге асыру кезеңділігінің есебін жүргізу;

         7) жоспарлы, жоспардан тыс кешенді, тақырыптық және бақылау тексерістерінің барысында Департаменттің  құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің, қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің қызметтік жұмыстарынан анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтардың жойылу деңгейі мен сапасына бақылау жасау;

         8) аумақтық бөлімшелердің Департамент бастығының бұйрықтары мен нұсқауларын, жедел және апараттық кеңестердің шешімдерін, Департаменттің өзге де директивті құжаттарын орындауына, сондай-ақ инспекциялау барысында анықталған іс-шараларды іске асыру барысына бақылау жасауды қамтамасыз ету.

  1. Міндеті:

Департамент қызметкерлерінің облыс шегінде қызметтік іссапарларға шығуын ұйымдастыру .   

Функциялары:

1) Департаменттің қызметтік іссапарларға шығу жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету (тоқсандық);

         2) Департаменттің қызметтік іссапарлар жоспарының орындалуын мониторингілеу және бақылау;

         3) Департаменттің бұйрықтары бойынша іссапарға жіберілген қызметкерлердің қызметтік іссапарлардың қорытындылары бойынша материалдарды (есептерді) уақтылы ұсынуын бақылау;

         4) жүзеге асырылған шығулар мен қызметтік іссапарлардың қорытындылары бойынша материалдарға (есептер) олардың тиімділігіне қатысты талдау жүргізу;

  1. Штабтың құқықтары мен міндеттері:

         1) белгілеген мерзімде құрылымдық және аумақтық бөлімшелерден, ведомстволық бағыныстағы мекемелерден басқару шешімдерінің жобаларын, ақпараттық-талдау және есеп беру құжаттарын әзірлеуге қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де, оның ішінде жоспарлардың, бұйрықтардың, нұсқаулардың, алқа шешімдерінің орындалу барысы мен нәтижелері туралы материалдарды, басқа да ақпараттық материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу;

         2) мемлекеттік құпиялық режимінің сақталуын ескере отырып, бақыланатын мәселелер бойынша, оның ішінде тексеру іс-шараларына қатысты құжаттамалармен және материалдармен кедергісіз танысу және қызметтік құпияны сақтау, олардың орындалуы туралы қажетті мәліметтер алу;     

         3) штабтың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құрылымдық және аумақтық бөлімшелер, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер басшылығының орындауы үшін міндетті нұсқаулар беру;

         4) тексеру нәтижелері бойынша құрылымдық және аумақтық бөлімшелер, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер басшыларының есептерін тыңдау (Департамент бастығымен келісімі бойынша);

         5) жоғары тұрған органдарға және басқа органдарға жіберілетін басқарушылық шешімдерді әзірлеу үшін, Министрлік алқасының және кеңестердің қарауына материалдарды, құжаттар мен ақпаратты дайындауға, сондай-ақ жоспарлы және жоспардан тыс тақырыптық және бақылау тексерулерін жүргізуге Департамент бөлімшелерін белгіленген тәртіпте тартуға;

         6) Департамент бастығына Департамент бөлімшелерінің басқарушылық қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге;;

         7) Департамент бастығының қарауына қызметтік жұмысында бұзушылықтарға жол берген құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

         8) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін мамандарды, оның ішінде келісімшарт негізінде тартуға;

         9) қызметтік жұмыстарға немесе Департамент басшылығының басқа да тапсырмалары бойынша тексерістер жүргізу кезінде кедергісіз, тәуліктің кез-келген уақытында іргелес аумақтарға қызметтік авкөліктермен кіруге немесе келуге, сондай-ақ қызметтік куәліктерін көрсету арқылы режимдік орын-жайлардан өзге Департамент бөлімшелерінің барлық ғимараттарында және орын-жайларында техникалық құралдардың (бейнетіркегіш/бейнекамера) көмегімен кедергісіз бейне түсірілім жүргізуге;

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
  2. Штабтың міндеттері:

         1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

         2) Министрліктің, Департаменттің алқа, жедел және аппараттық кеңестерінің шешімдерінде, сондай-ақ Министрліктің, Департаменттің және штабтың жоспарларында көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

         3) Министрліктің, консультативтік-кеңесші органдардың жедел және аппараттық кеңестерінің, алқа отырыстарының материалдарын дайындауға қатысу;

         4) Министрлік Алқасына қарауға жататын Департамент құзыретіне кіретін мәселелер туралы Департамент бастығына ұсыныс енгізуге;

         5) құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;

         6) штаб қызметіне қатысты мәселелер бойынша сот талқылауларына қатысуға;

         7) қойылған міндеттерге сәйкес Штабтың құзыреті шегінде басқа да міндеттер белгіленеді.

 

3 тарау. Штаб қызметін ұйымдастыру

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілеріне, актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Штаб өзінің негізгі тапсырмалары мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Штаб басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функциясының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болатын Штаб бастығы жүзеге асырады.
  3. Штаб бастығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент бастығы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4. Штаб бастығының өкілеттіктері:

         1) штаб қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды;

         2) Департамент бастығына штабтың штат кестесі бойынша ұсыныстар ұсынады;

         3) Департамент бастығына штаб қызметкерлерін марапаттауға, көтермелеуге және сыйақы беруге ұсынады;

         4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Әзірленген:

 

Штаб бастығы (бөлімше құқығында)

азаматтық қорғау подполковнигі                                                       Д. Сансызбаев

 

Кадр саясаты басқармасы

бастығының міндетін атқарушы

азаматтық қорғау подполковнигі                                                         И. Хлопко

 

Келісілді:

 

Заң тобының жетекшісі

бас маман                                                                                              А. Қарабекова

Дата публикации
08 апреля 2021