Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақмола облысы ТЖД бастығының
20__жылғы____________№____
бұйрығына №____ қосымшасы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қаржылық қамтамасыз ету басқармасы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2- тарау. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Функциялары:
1) тиісті қаржы кезеңіне Департаменттің бюджеттік өтінімін одан әрі қалыптастыру үшін Департамент аппаратының қызметтері мен Департаменттің аумақтық бөлімшелері ұсынған ұсыныстар негізінде республикалық бюджет бойынша Департаменттің бюджеттік өтінімін қалыптастырады;
2) тиісті қаржы кезеңіне арналған Департаменттің бюджеттік өтінімін одан әрі қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдарға жіберу үшін Департамент аппаратының қызметтері мен Департаменттің аумақтық бөлімшелері ұсынған ұсыныстар негізінде жергілікті бюджет бойынша Департаменттің бюджеттік өтінімін қалыптастырады;
3) Департаменттің мүдделі бөлімшелерімен бірлесіп Төтенше жағдайлар министрлігінде (бұдан әрі-Министрлік) және жергілікті атқарушы органдарда бюджеттік өтінімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Функциялары:
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларын әзірлейді және Министрлікке бекітуге ұсынады;
2) Департамент аппараты қызметтерінің және мүдделі бөлімшелердің ұсыныстары негізінде қажеттілігіне қарай нақты шығыстарды нақтылауға байланысты міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінімдер енгізуді жүргізеді;
Функциялары:
1) жартыжылдық және жылдық бюджеттік есептілікті жасауды, бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың жиынтық бюджеттік мониторингін, статистикалық және салықтық есептілікті, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы жедел есептерді және басқа да есептілікті жинауды және жасауды, оларды белгіленген мерзімде мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдарға табыс етуді жүзеге асырады;
2) Департаменттің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жүргізу;
3) ұсынылған ақаулы актілер, материалдық жауапты тұлғалардан сараптама актілері негізінде негізгі құралдарды есептен шығаруға актілерді қалыптастыру және оларды бухгалтерлік есепте жүргізу;
4) активтерді Департамент теңгерімінен басқа мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне ауыстырған кезде, сондай-ақ тылдық қамтамасыз ету қызметі талаптарының хаттары негізінде оларды есептен шығарған кезде бухгалтерлік анықтамалар беру;
5) тылдық қамтамасыз ету қызметі талаптарының хаттары негізінде жеткізушілер енгізген қамтамасыз ету сомаларын Департаменттің депозиттік шотына қайтару;
6) ұзақ мерзімді активтердің,қорлардың, ақша қаражатының және басқа да активтердің нақты бар-жоғын анықтау үшін әрбір материалдық жауапты тұлға бойынша жылдық түгендеу жүргізу туралы бұйрықты, түгендеу тізімдемесін жасау және ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша қаражатының және басқа да активтердің нақты бар-жоғын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру, сондай-ақ түгендеу қорытындылары бойынша департамент бойынша хаттаманы ресімдейді;
7) жоспарлау, қаржыландыру, қызметкерлерге материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау.
Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде ұсыныстар дайындайды және құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;;
2) нормативтік құқықтық актілерді және Басқарма қызметіне қатысты құқықтық актілерді әзірлейді.
Функциялары:
1) жоспарлауды және қаржыландыруды ұйымдастыру, азаматтық қорғау органдары жүйесінде еңбекке ақы төлеудің қолданыстағы шарттарын қолдану және бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық ету;
2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізеді;
3) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін қарайды.
1) белгіленген тәртіппен Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен материалдық құндылықтар мен ақша қаражатын пайдалануда қаржы-шаруашылық қызмет және мемлекеттік тәртіпті сақтау мәселелері бойынша қажетті мәліметтерді, анықтамалар мен түсіндірмелерді және жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға;
2) басқарманың қызметіне қатысты мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты бөлімшелердің орындауы үшін міндетті нұсқаулар беруге;
3) қолданыстағы бюджет заңнамасын сақтай отырып және Департамент басшысы берген өкілеттіктер шегінде қаржы ресурстарына билік етуге және банктік, есеп айырысу және басқа да қаржы құжаттарына екінші қол қоюға;
4) Департамент атынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген шаруашылық және ақша құжаттары үшін мөрді пайдалануға;
5) Департаменттің аумақтық бөлімшелеріне қаржы-экономикалық және бухгалтерлік жұмыс мәселелерінде әдістемелік көмек көрсету;
6) құзыреті шегінде заңнаманы және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
3- тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
1) басқарманың құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4- тарау. Басқарманың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі
Әзірленген:
Кадр саясат бастығының міндетін атқарушы
азаматтық қорғау подполковнигі И. Хлопко
Келісілді:
Басқарма басшысы – бас бухгалтер ҚҚБ Д. Нұралина
Заң тобының бас маманы А. Қарабекова