|
|
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2021 жылғы «____» __________ № ____ бұйрығына ____ Қосымшасы |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Төтенше жағдайларды жою баскармасының
ережесі
құқықтары мен міндеттері
1) төтенше жағдайларды жою бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
1) төтенше жағдайларды жою саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде Министрліктің мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және тұжырымдамалармен, Операциялық жоспарымен, Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарымен көзделген іс-шараларды одан әрі практикалық іске асыруға қатысу;
3) төтенше жағдайларды жою саласындағы құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
4) Департаменттің жедел кеңестеріне, облыстың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырыстарына материалдарды, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша инстанцияларға ақпаратты, анықтамаларды, шолуларды дайындауға қатысу;
5) қызметтік жұмысының бағыты бойынша жыл сайынғы талдаулар жүргізу;
6) төтенше жағдайларды жою саласындағы жедел жоспарлау мәселелері бойынша Департаменттің аумақтық органдары мен авариялық-құтқару қызметтерінің, Ақмола облысының аумағында орналасқан Министрлік бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
7) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және түзету;
8) құзыреті шеңберінде Департамент өткізетін халықаралық оқу-жаттығуларды, Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды («Көктем», «Қыс», «Жер», «Зымран»), тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар, штабтық жаттығуларды, терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі оқу жаттығуларының (сабақтарының) жоспарлау, әзірлеу, өткізу;
9) «Жас құтқарушы» үйірмелерінің жұмыстарын ұйымдастыру;
10) өз құзыреті шегінде төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асыру;
11) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құралдарын бөлу және пайдалану жөнінде ұсыныстарды дайындауға қатысу;
12) Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық қаражат бөлу жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу;
13) құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын тартуға қатысады;
14) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық ету жөнінде ұсыныстар дайындау;
15) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;
16) қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды жедел хабардар ету;
17) Департаменттің төтенше жағдайларды жоюға қажетті күштері мен құралдарының санын айқындау;
18) төтенше жағдайларды жоюға жедел ден қою мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
19) төтенше жағдайларды жою саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу және қолдану;
20) құзыреті шеңберінде жедел ден қою мәселелері бойынша Департаменттің аудандық (қалалық) бөлімшелеріне, Ақмола облысының аумағында орналасқан Министрлік бөлімшелерінің қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
21) Ақмола облысы бойынша Терроризмге қарсы орталығымен өзара
іс-қимыл мәселелері бойынша Департаменттің қызметін ұйымдастыру;
22) құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізетін күзет іс-шараларын ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
23) Департамент бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру:
құзыреті шегінде, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыруға байланысты төтенше жағдайларға ден қою;
шомылу маусымдарында және күзгі, қысқы кезеңдерде елдің су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізуін ұйымдастырады;
24) аумақтық, ведомствоға бағынысты бөлімшілердің, Ақмола облысының аумағында орналасқан Министрлік бөлімшелерінің жедел-қызметтік жұмысын тексеруге қатысу;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) Департаменттің аумақтық бөлімшелерінен, авариялық-құтқару қызметтерінен, Ақмола облысының аумағында орналасқан Министрлік бөлімшелерінің жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде ақпараттық-аналитикалық материалдарды дайындау үшін Департаменттің аумақтық бөлімшелері мен авариялық-құтқару қызметтерінің, Ақмола облысының аумағында орналасқан Министрлік бөлімшелерінің қызметкерлерін тарту
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау;
4) Департамент басшылығына жедел кеңестерде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді қарау туралы ұсыныстар енгізу;
5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша департамент басшылығы жанындағы жедел кеңестердің және жетекшілік ететін бөлімшелердің басқа да кеңестерінің жұмысына қатысу;
6) тексерулер мен қызметтік тергеулердің нәтижелері бойынша Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баға беру;
7) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
8) Департаменттің жетекшілік ететін бөлімшелерінің басшыларын төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы тыңдауын бастамашылық ету;
9) төтенше жағдайларды жою бойынша жүргізілген іс-шараларды зерделеу үшін шығуын жүзеге асыру.
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департамент басшылығына Басқарманың құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;
3) Департамент бастығына Басқарма қызметкерлерін марапаттауға, көтермелеуге және сыйлықақы беруге ұсынады;
Әзірлеген:
КСБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі Д. Смайылов
ТЖЖБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі Ж. Ғабдуллин
Келісілді:
ЗТ бас маманы А. Қарабекова