Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының
№ ____ 2021 жылғы ___________
бұйрығына
№ ____ қосымшасы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Азаматтық қорғаныс басқармасы туралы
ереже
1) Басқарма бастығынан;
2) аға офицерлер мен офицерден тұрады.
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
1) Басқарма құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) басқарма құзіреті шегінде азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) облыс аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға және азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық ету;
4) Департаменттің және мемлекеттік өрт сөндіру мекемелердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
5) Департаменттің жұмылдыру жоспарын әзірлеу;
6) азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және түзету және оны азаматтық қорғаныс бастығы – облыс әкіміне бекітуге енгізу, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша басқа да жоспарлау құжаттарын, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың оларды іске асыруын бақылау;
7) облыстың қалалары мен аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;
8) облыстың азаматтық қорғанысының жай-күйіне талдауды жүзеге асыру және оны дамыту мен жетілдіру жөнінде белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізу;
9) азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
10) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
11) азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру;
12) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
13) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
14) облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің ережесін әзірлеу;
15) азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу бойынша Министрлікке ұсыныстар дайындау;
16) Басқарманың құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жүргізу;
17) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды ұйымдастыру, халықты төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға үйрету;
18) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының қажетті қорын, жеке және медициналық қорғау құралдары қорларын, басқа да мүліктерін есепке алуды, жинақтауды және әзірлікте ұстауды жүргізу;
19) азаматтық қорғаныс, сондай-ақ Басқарма құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
20) облыстың азаматтық қорғаныс бастығының қалалық және қосалқы басқару пункттерін құру және әзірлікте ұстау мәселелерін үйлестіру;
21) азаматтық қорғаныс мүдделерінде қару-жараққа, техникаға, қорғау құралдарына және басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілікті айқындау үшін Министрлікке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
22) жаңадан қалыптастырылатын құралымдарға арналған ұзақ мерзімді сақтаудың жұмылдыру ресурсының қорларын сақтауды, мақсаты бойынша пайдалануды жүзеге асыру;
23) әскери міндеттілерді соғыс уақытында жұмылдыру кезеңіне броньдауды жүзеге асыру;
24) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау, босқындарды бейбіт және соғыс уақытында қабылдау және орналастыру жөніндегі іс - шараларды әзірлеу, олардың орындалуына әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асыру;
25) радиациялық, химиялық, биологиялық қауіпті объектілердің есебін жүргізу, мекемелерден, зертханалық бақылауды бақылау желілерінен жергілікті жердің, азық-түліктің, жемнің, судың, ғимараттар мен құрылыстардың химиялық, радиоактивті залалдануы туралы ақпарат алуды және жинақтауды ұйымдастыру;
26) азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымын айқындау бойынша Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
27) азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны бойынша Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
28) Басқарманың құзыреті шегінде төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асыру;
29) комиссияның құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
30) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
31) облыстың азаматтық қорғаныс бастығы – облыс әкімі, Департамент бастығы өткізетін азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығуларды, штабтық жаттығуларды жоспарлау және дайындау;
32) басқарма құзыреті шегінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға қатысу;
33) Басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
34) Басқарманың құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;
35) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Басқарма құзыретіне кіретін Департамент бастығы жанындағы кеңестердің жұмысына және басқа да кеңестерге қатысу;
3) заңнамалық актілерді, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен Департамент басшылығының қарауына ұсыныстар енгізу;
5) Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін жергілікті атқарушы органдардан, аумақтық басқармалардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен мәліметтерді (оның ішінде компьютераралық байланыс арналары арқылы) сұрату және алу;
6) Басқарманың осы ережеде, лауазымдық нұсқаулықтарда, басқа да нормативтік-құқықтық актілерде айқындалған іс-шараларды орындау мақсатында ақпараттық деректер банкін (оның ішінде жабық) пайдалану;
7) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауда анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған іс-шаралар, олардың мерзімдері мен көлемдері бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына ұсыну;
8) азаматтық қорғаныс бойынша нормативтік актілерді орындамағаны үшін кінәлі лауазымды тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік айыппұл салу бойынша материалдар дайындау;
9) Басқарманың құзыреті шегінде Департаменттің аумақтық органдары мен кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының төтенше жағдайларды жою бойынша жүргізген іс-шараларын зерделеу үшін шығуды жүзеге асыру.
10.Басқарма бастығы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
12.Осы мақсатта бастық:
Әзірленді:
Кадр саясаты басқармасы
бастығының міндетін атқарушы
азаматтық қорғау подполковнигі» Д. Смайылов
Азаматтық қорғаныс басқармасының
бастығы
подполковник А. Акильжанов
Келісілді:
Заң тобының
бас маманы А. Қарабекова