Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесі туралы Ереже

Қазақстан Республикасы  ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының

2021 жылғы «___»  _________№ ____ бұйрығына ___қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесі туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлігі) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент бастығының (басшысының) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі – Министр) бекітеді.
  4. Бөлімше бастықтан, бас маман және аға инженерден тұрады.

 

  1. Бөлімшенің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерінде ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласында бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыру.

Функциялары:

1) ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласындағы техникалық саясатты жетілдіру қағидаттары мен бағыттарын айқындайтын құжаттарды әзірлеуге қатысады, Бөлімше қызметі шеңберінде азаматтық қорғау бөлімшелері үшін техникалық ерекшеліктерді әзірлейді және келіседі;

2) ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласындағы перспективалық әзірлемелер мен техникалық шешімдерді азаматтық қорғау органдары департаменттің мүддесінде қарауды жүзеге асырады;

3) Бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

4) Бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

5) Бөлімшенің құзыретіндегі мәселелерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады, оларды өзектендіру бойынша шаралар қабылдайды;

  1. Міндеті: ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласындағы азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің қызметін техникалық қамтамасыз ету және дамуы.

Функциялары:

1) азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау кезінде қосымша басқару және байланыс пункттерін құруды қоса алғанда, байланыс жүйелерін дамыту және оларды бейбіт және соғыс уақытында пайдалануға әзірлікте ұстау;

2) ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөнінде ұсыныстар дайындау;

3) ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша ТЖМ бюджеттік өтінімін қалыптастыру;

4) Департамент бөлімшелерінде байланыс және ақпараттандыру құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

5) ведомстволық ақпараттық ресурстары мен басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

6) Департаментінің мәжілістерін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

7) ТЖ қаупі және туындауы кезінде, сондай-ақ оқу-жаттығуларды өткізу кезінде азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің күштері мен құралдарын басқару үшін байланысты ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларға қатысады;

  1. Міндеті: Департаментте, оның құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

1) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық ортасының тұтастығын қамтамасыз етеді.

2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

3) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының жай-күйіне, әзірлігіне және тәуекелдерінің болуына талдау жүргізеді;

4) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  1. Міндеті: халықты хабардар ету жүйесін дереу пайдалануға тұрақты әзірлікті құру және қамтамасыз ету, оны жарақтандыру және дамыту.

10) халықты хабардар ету жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

11) облыс аумағында халықты хабардар ету құралдарының есебін жүргізеді;

12) халықты хабардар ету жүйесін дамыту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

13) халықты хабардар ету жүйесін жаңғырту жөніндегі техникалық шешімдер мен ерекшеліктерді әзірлейді;

14) халықты хабардар ету жүйелерін енгізу мәселелері бойынша Департамент бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;

15) халықты құлақтандыру бойынша жаттығуларды жоспарлайды және өткізеді;

16) электр дабылдарының (сиреналық-сөйлеу қондырғыларының) және оларды іске қосу жөніндегі тиісті жабдықтардың ақаусыздығына жоспарлы техникалық тексерулер жүргізеді;

  1. Құқықтары мен міндеттері.

Бөлімше өз құзыреті шегінде:

1) бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды, анықтамалық және талдамалық материалдарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және Департамент басшылығына бекітуге енгізуге; ;

2) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен қызметті ұйымдастыру үшін қажетті мәліметтерді сұрату;

3) Өз құзыреті шегінде Департаменттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелеріне қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды жүзеге асыру. ;

4) бөлімше құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ақмола облысының мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.

5) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға міндетті.

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімше қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімше іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асырады.
  2. Бөлімшеге басшылықты бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімше бастығы жүзеге асырады.
  3. Бөлімше бастығын Департамент бастығының жетекшілік ететін орынбасарының ұсынуы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4. Бөлімше бастығының өкілеттіктері:

1) бөлімше қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;;

2) Төтенше жағдайлар департаменттерінің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшелерінің бастықтары лауазымдарына кандидаттарды келіседі; ;

3) Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына бөлімше қызметкерлерін марапаттауға, көтермелеуге және сыйлық беруге ұсынады;

4) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімше атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлімше бастығы, ал ол болмаған жағдайда - адам қол қояды, оның міндетін атқарушы.

 

  1. Қажет болған жағдайда бөлімше осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды.

 

 

Әзірледі:

Кадр саясаты басқармасы

бастығының міндетін атқарушы

азаматтық қорғау подполковнигі                                                    И. Хлопко

 

 

Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс

бөлімше бастығының міндетін атқарушы

азаматтық қорғау майоры                                                                    А. Нұрқанов

 

 

Келісілді:

Заң тобының бас маманы                                                                   А. Қарабекова

Дата публикации
08 апреля 2021