Ақмола облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
бастығының
2021 жылғы «__» ______ № ____ бұйрығына № _____қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
ақпараттық-аналитикалық тобы туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ереже
- Ақпараттық-аналитикалық тобы (бұдан әрі - Топ) – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Топ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкімет және Президент актілеріне, азаматтық қорғау саласындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы халықаралық келісім шарттарға, Министрлік туралы, Департамент туралы Ережелерге, осы Ережеге, сондай-ақ, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрліктің бұйрықтары мен нұсқауларына сәйкес жүзеге асырады.
- Топтың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен анықталады.
- Топтың негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
- Міндеті: Департаменттің қызметің жоспарлау мәселелері бойынша жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау және орындау, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының орындалуын мониторингтеу;
Функциялары:
- облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында және аймақтың даму және туризм саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасында көзделген іс-шараларды іске асыру барысын мониторингтеу;
- ТЖМ Операциалық жоспарына және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасына ұсыныстар енгізу;
- Департаменттің жылдық жоспар жобасын әзірлеу, орындалуын бақылау және есебін құрау;
- Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелер және бағынысты мекеме жұмыс жоспарларын келісу және іс-шараларын орындалуынына мониторинг жүргізу;
- жұмыс жоспарлардың «ақпараттық-аналитикалық қызмет» бөлімдеріне желілік және желіаралық сипатағы аналитикалық ақпаратты дайындау бойынша тақырыптарды қосып, оның жыл сайынғы оңтайлы қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- Міндеті: Азаматтық қорғау саласындағы қызметті ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету;
Функциялары:
- облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың анықталған тенденциясы туралы сала кесіндісінде шолу-аналитикалық ақпаратпен Министрлікті және жергілікті атқару органдарын қамтамасыз ету;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылым жай-күйі туралы өңірлердің проблемалық мәселелері бойынша ақпаратпен Министрлікті және Департамент басшылығын қамтамасыз ету;
- Департаменттің құзыреті шегінде алқа отырыстарына, жедел кеңестерге және басқа да іс-шараларға ақпараттық-аналитикалық материалдарды қалыптастырады;
- Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелеріне ақпараттық-аналитикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша практикалық және әдіснамалық көмек көрсетуге;
- Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелеріне ақпараттық-аналитикалық жұмысын мониторингтеу және талдау жүргізу;
- өз құзыреті шегінде Департамент және ведомстволық бағынысты мекемелер қызметінің тиімділігі бағасын өткізу.
- Міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алу;
Функциялары:
1) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттік есебін жүргізу;
2) Деректер қорының – қызметтің бағыттары бойынша Департамент бөлімшелерінің аналитикалық материалдарымен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ақпараттық-анықтамалық карточкаларымен толықтырылуын үйлестіруді жүзеге асыру;
- Міндеті: азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі пайдаланатын ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Функциялары:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау және өңдеу үшін Төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесін Департаменттің кезекші қызметтерімен толықтырылуын үйлестіруге және мониторинг өткізуге;
5.Құқықтары:
- Департаменттің кеңестерінде Топ құзыретіне кіретін мәселелерді қарау туралы Департамент басшыларына ұсыныстар енгізу;
- Департамент қарамағындағы аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің мен басқарма жұмыстары жай-күйін мақсатты және тақырыптық тексеруді жүзеге асыру, кешенді тексерулер жүргізуге қатысу;
- Топ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент қарамағындағы аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері мен басқарма басшыларын Департамент басшылығының тыңдауына қатысу және ұсыныстар енгізу;
- Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен, Департамент қарамағындағы аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінен, басқарма және мемлекеттік мекемелерден құзыреті шегінде белгіленген ақпарат сұрату және алу;
- құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
- Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде жүргізілетін ақпараттық-аналитикалық жұмысты үйлестіру;
- Топ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін және шағымдарын қарастыру.
- Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға.
2) Департаментте жоспарлау мен ақпараттық-аналитикалық жұмыстарын қамтамасыз етуге міндетті.
3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелеріне практикалық және әдіснамалық көмек көрсетуге;
- Топтың қызметін ұйымдастыру
- Топ – Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.
- Топтың қызметін Департамент бастығымен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босатылатын қызметкерлер (бас мамандар) ұйымдастырады.
- Топтың бас маманының біреуі болмаған кезеңде, оның міндеттерін топтың екінші бас маманы орындайды және оның функциялар мен тапсырмаларын орындау бойынша дербес жауап береді.
Әзірлеген:
Кадр саясаты басқармасы
бастығының м. а.
азаматтық қорғау подполковнигі _________________ И. Хлопко
Ақпараттық-аналитикалық тобының
бас маманы __________________ С. Қалиев
Келісілді:
Заң тобының
бас маманы _________________ А. Қарабекова