Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы туралы ереже

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмола облысы ТЖД бастығының 2020 жылғы _______

№ ____бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Қоғаммен байланыс тобы туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қоғаммен байланыс тобы (бұдан әрі - Топ) Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – ҚР ТЖМ Ақмола облысы Департаменті) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін,
    өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Топтың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі - Министр) Департамент бастығының (Басшысының) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітеді.

 

  1. Негізгі міндеттері, функциялары және кұкықтары

 

  1. Міндеті: Депатаменттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі – БАҚ) өзара іс-әрекетті ұйымдастыру.

Функциялары:

1) өткізілетін іс-шараларды БАҚ-та үнемі жария етуді ұйымдастыру және өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру жөніндегі Департаменттің қызметі туралы ақпараттық және түсіндіру материалдарын жұртшылыққа жеткізу;

2) БАҚ өкілдері үшін брифингтер, баспасөз конференцияларын, интернет-конференцияларды және басқа да баспасөз іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

3) Департаментің басшылығы мен жауапты қызметкерлерінің БАҚ-та сөз сөйлеуін, лауазымды тұлғалардың БАҚ өкілдерімен сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру;

4) баспасөз парақтары мен ақпараттық хабарламаларды тарату;

5) табиғи және техногендік сипаттағы резонанстық төтенше жағдайлар туындаған кезде БАҚ арқылы жедел ақпараттық ден қою.

  1. Міндеті: азаматтық қорғау органдарының жағымды беделін қалыптастыру.

Функциялары:

1) ақпараттық кеңістіктегі азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты сыни бағыттағы, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының беделіне теріс  әсер етуі мүмкін материалдарды анықтау мәніне мониторинг жүргізу;

2) БАҚ-тағы сыни жарияланымдарға уақтылы ақпараттық ден қою, азаматтық қорғау органдарының беделіне ақпараттық себептердің әсерін азайту бойынша шаралар әзірлеу;

3) азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің ерлік және батылдық іс-әрекеттерін насихаттау;

4) іс-шараларға фото және бейне түсірілімдер жүргізу, департаменттің қызметін көрсететін фото және бейнемұрағат,аудио және бейнеөнімдерді қалыптастыру;

5) ақпараттық саясатты қалыптастыру жөніндегі департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

  1. Міндеті: Департаменттің ашықтығын, департаментің жүйесінің құрылымдық және аумақтық бөліністерінің қызметі туралы ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Департаменттің ресми интернет-ресурсын және әлеуметтік желілердегі парақшаларды ақпараттық қолдау;

2) Департамент басшысының БАҚ-та ресми өкіл ретінде сөз сөйлеуін ұйымдастыру;

3) ведомстволық басылымын шығару бойынша жұмысты үйлестіру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Ақмола облысы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі құжаттарды, анықтамалық материалдарды Департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан сұрату және жедел алу;

2) ТЖБ, ТЖБ, сондай-ақ «ӨС және АҚЖҚ» ММ БАҚ-қа жауапты қызметкерлердің жұмысын үйлестіру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

3) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардан департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша атқарылған жұмыс туралы мәліметтерді және есептерді белгіленген тәртіпте алу;

4) Департаменттің аумақтық бөлімшелерінен келіп түсетін БАҚ-пен және жүртшылықпен жұмыс жөнінде аналитикалық және есептік ақпаратты жинауды және қорытуды жүргізу.

5) БАҚ туралы заңның, сондай-ақ Департаменттің аумақтық бөлімшелеріндегі ақпараттық саясатты регламенттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына жоспарлы тексеруді жүзеге асыру;

6) Департаменттің, аумақтық органдардың басшылығына Департаменттің ақпараттық саясаты бойынша жұмысты жетілдіру процесіне теріс әсер ететін себептер мен жағдайларды жою, ТЖБ, ТЖБ, сондай-ақ БАҚ туралы заңнаманы бұзуға жол беретін «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастықтарына қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;

7) Департаменттің және басқа мемлекеттік органдардың қүрылымдық бөлімшелерінде өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысу үшін қызметкерлерді жіберу;

8) белгіленген тәртіпте хат алысуды жүргізу және өз құзыреті шегінде қаржы құжаттарына қол қою;

9) бюджеттік өтінімдерді дайындауды жүзеге асырады және Департаменттің қаржылық қамтамасыз ету басқармасына өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар енгізеді;

10) Топ құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.

 

 

  1. Топ қызметін үйымдастыру және қамтамасыз ету

 

  1. Топ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруүшін қажеттіөкілеттіктерді иеленеді.
  2. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша топ атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға топтың бас маманы қол қояды.
  3. Қажет болған жағдайда топ осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

 

Әзірленді:

 

Кадр саясаты басқармасы

бастығының міндетін атқарушы

азаматтық қорғау подполковнигі                                       И. Хлопко

 

 

         Келісілді:

 

Заң тобының

бас маманы                                                                            А. Қарабекова

 

Дата публикации
08 апреля 2021