Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар Министрлігінің
Ақмола облысы ТЖД бастығының
20__ жылғы ____ №___
бұйрығына
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы туралы ереже
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі жұмыс тәртібіне сәйкес Құжаттаудың және құжат айналымының бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу, оларды есепке алуды, олардың өтуін, қаралуын және уақтылы жөнелтілуін жүзеге асыру;
2) негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды тіркеуді жүзеге асыру, олардың техникалық ресімделуін тексеру және бөлімшенің орындаушысы жасаған және қол қойған тарату көрсеткішіне сәйкес оларды адресатқа уақтылы жөнелтуді жүзеге асыру;
3) Департаментте іс жүргізу және құжат айналымының жай-күйін талдау;
4) Департаменттің бланкілерін есепке алуды жүргізу, беру және есептен шығаруды жүзеге асыру, мөртабандарды пайдалану бойынша белгіленген талаптардың сақталуын бақыл
5.Міндеті:
Департаменттің жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қаралуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Функциялары:
1) жеке, заңды тұлғалардан келіп түскен ауызша және жазбаша өтініштерді және олар бойынша қызметтік хат-хабарларды тіркеуді қамтамасыз ету;
2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы орындалуын бақылау;
3)Департамент басшылығының азаматтарды қабылдау бойынша жұмысын ұйымдастыру;
«Қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі – ҚБПҮ) және «Файлдық хабарламалар» деген белгісі бар қызмет бабында пайдалану үшін құжаттарды қабылдау, бастапқы өңдеу және алдын ала қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Функциялары:
1) «ҚБПҮ», «Файлдық хабарламалар» деген белгісі бар құжаттарды есепке алу нысанында тіркеу және олардың орындалуын бақылау;;
2) орындаушыларды уақтылы таныстыру және «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттардың түпнұсқаларын тарату;
Ведомстволық архивтің жұмысын ұйымдастыру.
Функциялары:
1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері ресімдеген архивтік істерді белгіленген тәртіппен сақтауға алу және есебін жүргізу;
2) сақтауға алынған архивтік істерді пайдалануын бақылау және есепке алу;
3) істер номенклатурасын жасау және жүзеге асыру;
4) ведомстволық архивінің құжаттары мен істерінің сақталуын қамтамасыз ету;
5) Департаменттің сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру.
Департаментте және оның бөлімшелерінде мемлекеттік тілді қолдану және дамыту.
Функциялары:
1) Департаментте және оның бөлімшелерінде тіл саясаты саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды, жоспарларды іске асыру.
2) Департамент басшылығы қол қоятын мемлекеттік тілдегі негізгі және туынды нормативтік құқықтық, басқару актілері мен құжаттардың жобалары мәтіндерін редакциялау және олардың орыс тіліндегі мәтінімен теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ету;
3) Департамент аппаратының жеке құрамына мемлекеттік тілді оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру және Департаменттің аумақтық бөлімшелерінде осы бағыттағы жұмысты үйлестіру.
4) Департаменттің аппаратында, оның бөлімшелерінде мемлекеттің тіл саясатын регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің, Министрлік бұйрықтарының, өкімдері мен нұсқауларының нормаларын және ережелерін сақталуына бақылау жасау, олардың талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беру.
5) Департамент немесе басқа мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өткізетін мемлекеттік тілді дамыту саласындағы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
1)Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша топтың қызметіне жататын мәселелер бойынша өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Департаменттің мүдделерін қолдау;
2) өз кәсіби біліктілігін арттыруға;
3) топ жұмысын жетілдеру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) құзыретіне жататын, Департаментке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге орындау үшін міндетті нұсқаулар беруге;
5) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен жүктелген міндеттерін орындауға қажетті құжаттар, анықтамалық және өзге де материалдар сұрату және алу;
6)бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапасыз орындалғаны, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және ведомстволық архивке құжаттарды ресімдеу мерзімдерінің бұзылғаны үшін орындаушыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
7) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларынан мемлекеттің тіл саясатын және ақпараттық саясатты регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын және ережелерін сақтауын талап ету, сондай-ақ төтенше жағдайлар органдарында мемлекеттік тілде іс жүргізуді дамыту процесін бақылау;
8)құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген ережелерін орындауды бақылау және талап ету, белгіленген талаптарды бұза отырып дайындалған құжаттарды орындаушыларға пысықтауға қайтару;
9) Департаменттің орталық аппаратында және оның аумақтық бөлімшелерінде тіл саясатын, регламенттейтін тілдер туралы заңдардың, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық құжаттар нормаларының орындалуы бойынша жоспарлы және жоспардын тіс тексерулерді жүзеге асыру;
10) Департамент аппаратының құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің мемлекеттік тілді үйрену сабақтарына қатысуын бақылауды жүзеге асыру, Департамент басшылығына сабаққа қатыспайтын қызметкерлерге тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізу;
11) оқу кезеңінің қорытындылары бойынша мемлекеттік тілді білуіне емтихандарды қабылдауға бақылауды қамтамасыз ету;
12) топ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер өткізу;
13) бюджеттік өтінімдерді дайындауды жүзеге асыру және Департаменттің басшылығына өз құзыреті мәселелері бойынша тиісті ұсыныстар енгізу;
14) Топ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаментке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
Әзірленген:
Кадр саясаты бастығының міндетін атқарушы
азаматтық қорғау подполковнигі И. Хлопко
Келісілді:
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және мемлекеттік тілді дамыту
топтың бас маманы Ж. Тайғаринова
Заң тобың бас маманы А. Қарабекова