Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысы.
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
Қазақстан Республикасының |
|
||
|
Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1) азаматтық қорғаныс объектiлерi – басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған паналайтын жерлер, радиацияға қарсы жасырын паналар, азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары;
2) басқару пункттері – азаматтық қорғауды басқару органдарын орналастыруға және олардың жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдармен, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған мемлекеттік органдардың құрылыстары немесе көлік құралдары;
3) жылжымалы басқару пункті – азаматтық қорғауды басқару органдарын орналастыруға және жұмысын қамтамасыз етуге арналған көлік құралы;
4) қосалқы басқару пункті (қалалық, қала сыртындағы) – айрықша кезеңде азаматтық қорғауды басқару органының пайдалануына арналған, арнайы жабдықталған құрылыс, стационарлық басқару пункті;
5) көмекші басқару пункті – күштер мен құралдарды азаматтық қорғанысты басқару пункттерінен басқару қиындаған немесе мүмкін болмаған жағдайда белгілі бір уақыт кезеңіне құрылатын арнайы жабдықталған құрылыс, қосалқы басқару пункті;
6) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы (паналайтын жер, радиацияға қарсы жасырын пана) – халықты заманауи зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен қорғау үшін арнайы жабдықталған және соған арналған инженерлік құрылыс;
7) паналайтын жер – заманауи зақымдау құралдарының зақымдаушы факторларынан, радиоактивті заттардың әсерінен, сондай-ақ өрттер кезінде жоғары температуралар мен жану өнімдерінен, улайтын заттар мен бактериялық құралдардан паналаушыларды қорғауға арналған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы;
8) радиацияға қарсы жасырын пана – жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде иондаушы сәулелердің әсерінен паналаушыларды қорғауға арналған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы;
9) тез салынатын паналайтын орын (қорғану орны) – жиналатын қоршау конструкцияларын және оңайлатылған ішкі жабдықтарды қолдана отырып, қатер төнген кезеңде немесе соғыс уақытында қысқа мерзім ішінде салынатын құрылыс;
10) заманауи зақымдаушы құралдар – зақымдаушы (қирату) факторлары адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді зақымдауға, объектілерді бүлдіруге немесе қиратуға, қайталама зақымдау факторларының пайда болуына есептелген, жаппай қырып-жою қаруын және қарапайым зақымдаушы құралдарды, оның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруын қамтитын құрылғылар мен құралдар;
11) азаматтық қорғаныстың мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары – азаматтық қорғаныстың мүлкін сақтауға, олардың сақталуын және беруге әзірлігін қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықталған оқшауланған үй-жайлар.
3-1. Орталық атқарушы органдарды салалық белгісі бойынша бір қосалқы (қалалық, қала сыртындағы) басқару пунктінде бірге орналастыруға рұқсат етіледі.
Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2019 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3-2. Жылжымалы басқару пункттері азаматтық қорғаудың республикалық қызметтерін қамтамасыз етуге және олардың жұмыс істеуіне жауапты орталық атқарушы органдарда, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жергілікті атқарушы органдарында құрылады.
Ескерту. Қағида 3-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2019 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Азаматтық қорғаудың қорғаныш құрылыстары азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ең көп жұмыс істейтін ауысымды қорғау үшін, сондай-ақ медициналық ұйымдардың тасымалдауға келмейтін науқастарын қорғау үшін құрылады.
1) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын салу;
2) қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың жертөле және цоколь, жер үстіндегі қабаттарындағы үй-жайларын бейімдеу немесе жеке тұрғандарын салу;
3) жерасты кеңістігін, оның ішінде түрлі мақсаттағы тереңдетілген құрылыстарды, метрополитендерді, жерасты тау қазбаларын, үңгірлер мен басқа да жерасты қуыстарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
1) тәулік бойы күзету және күзет сигнализациясымен жабдықтау;
2) аумақты қоршау және түнгі уақытта жарықтандыру;
3) өрт қауіпсіздігі;
4) қызметі азаматтық қорғаныс мүлкінің жай-күйіне кері әсерін тигізуі мүмкін кәсіпорындардан қауіпсіз қашықтық;
5) ішкі және сыртқы байланысты, бекеттік және өрт сигнализациясын қамтамасыз ету ескерілген телефондандыру жүйесі;
6) жедел жүк тиеу үшін тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарымен жарақтандыру;
7) жылдың кез келген уақытында көліктің кіру мен өту жолдары қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.05.2019 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1) үй-жайларда температуралық режим;
2) атмосфералық жауын-шашыннан және жерүсті суларынан қорғау;
3) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үй-жайлары мен жабдықтарын сырлау және жөндеу;
4) сіңіргіш сүзгілерге, регенерациялау құрылғылары мен ауаны көміртегі тотығынан тазартуға арналған сүзгілерге дейін және олардан кейін орнатылған герметикалық клапандарды жабу және оларға сүргі соғу;
5) қосалқы үй-жайларды, сондай-ақ шаруашылық мақсатта қолданылмайтын санитариялық тораптарды жабу және оларға сүргі соғу;
6) ауыз судың қысымды ыдыстардағы авариялық қоры және судың 2 тәулік ішінде толық ауысып ағуы;
7) ауыз суға арналған авариялық қысымсыз ыдыстарды таза ұстау;
8) дизельді электр станцияларын консервациялау;
9) қорғау-герметикалық және герметикалық ашылатын қақпалар мен есіктерге тіреулер;
10) инженерлік-техникалық және арнайы жабдықтарды, байланыс пен құлақтандыру құралдарын жарамды күйде және мақсаты бойынша пайдалануға әзірлікте ұстау;
11) ауамен жабдықтау жүйелерін таза желдету режимі бойынша пайдалану;
12) құрылыстың және оның жеке элементтерінің: авариялық кіру мен шығу жолдарының, қорғау-герметикалық және герметикалық есіктер мен терезе қақпақтарының, жарылысқа қарсы құрылғылардың, инженерлік-техникалық жабдықтардың қорғау қасиеттерін сақтау;
13) объектіні герметикалау және гидрооқшаулау;
14) қолданыстағы нормативтерге сәйкес өрт сөндірудің техникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.
1) қорғалған дизельді электр станцияның желдету жүйелері;
2) сіңіргіш сүзгілер;
3) сүзгі алдындағы сүзгілер;
4) ауаны көміртегі тотығынан тазартуға арналған сүзгілер;
5) ауаны регенерациялау құралдары;
6) гравиялық ауа салқындатқыштар;
7) нәжістерді жинауға арналған авариялық резервуарлар пайдаланылмайды.
Технологиялық саңылаулар, пайдаланылмайтын ауаны желдетуге пайдаланылмайтын ауа өткізгіштер, ауа жинағыш және ауа сорғыш тесіктер жабылады және герметикаланады, үй-жайларды жылыту жүйесі сөндіріледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.05.2019 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.05.2019 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Фильтрлік желдеткіш камера үй-жайларында қабырғалар мен төбелер поливинилацетат бояуларымен боялады.
1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша паналайтын жер (радиацияға қарсы пана) паспортының;
2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын тексеру журналының;
3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша микроклиматтың және ауадағы газ құрамының көрсеткіштерін тіркеу журналының;
4) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысы жоспарының;
5) объектіні әзірлікке келтіру жоспарының;
6) жабдықтар, құрал-саймандар мен мүлік тізбесінің;
7) басқару органдары телефондары тізімінің;
8) қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамы тізімінің;
9) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану схемасының (желдеткіш, сумен жабдықтау мен кәріз, қорғаныш құрылысын электрмен жабдықтау);
10) дизельді электр станциясына, сүзгіш-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың (бар болса) болуы қажет.
Авариялық шығу жолдары әзірлікке келтіріледі, барлық бөгде заттар шығарылады.
Бар (немесе қосымша орнатылатын) ыдыстарға (резервуарларға) су толтырылады.
Дизельді электр станциялары үшін отын мен жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалады.
Байланыс және құлақтандыру құралдарының жұмысы, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын пайдалану бойынша құжаттаманың болуы тексеріледі.
1) таза желдету жүйесiнiң желдеткiш агрегаттары iске қосылады;
2) таза желдету жүйелерiндегi ауа өткізгіштерге қойылған герметикалық қақпақтар мен басқа да герметизацияланатын қондырғылар ашылады;
3) сүзгiш-сорғыштар мен ауаны тазартқыш сүзгiштерге дейiн және одан кейiн орнатылған герметикалық қақпақтар, сондай-ақ таза желдеткiштiң ауа өткізгіштері мен сүзгiш-желдеткiш аралығындағы жалғастырушы гермоқақпақ жабылады.
Паналайтын жерлер сыртындағы жағдай анықталған соң қалыптасқан жағдайда талап етілетін желдету режимi белгіленеді.
1) таза желдеткiш жүйелерiнiң ауа өткiзгiштерi мен жалғастырушы ауа өткiзгіштердiң герметикалық қақпақтары жабылады;
2) сорғыш желдеткiштердi (егер олардың II режимдегі жұмысы ескерiлмесе немесе ғимарат герметикалық мәнiн жоғалтса) үзiп тасталады;
3) II режимнiң қиыстырылған желдеткiштерi қосылады;
4) сүзгiш-сорғыштарға дейiн және одан кейiн қойылған герметикалық қақпақтар ашылады.
1) ауа температурасынның 0-ден +30оС дейiн, көмiртегі қос тотығының 3%-ға дейiн, оттегінің 17%-ға дейiн, көмiртегі тотығының 30 мг/м3 дейiн шоғырлануына жол беріледі және қосымша іс-шаралар жүргiзу талап етілмейдi;
2) ауа температурасының +31-ден -33оС дейiн, көмiртегi қос тотығының 4%-ға дейiн, оттегiнiң 16%-ға дейiн, көмiртегі тотығының 50-70 мг/м3 дейiн шоғырлануы физикалық жүктемелерді шектеуді және паналаушыларға қадағалау жасауды күшейтудi талап етедi.
1) ауа температурасы – 34 оС және жоғары;
2) көмiртегi қос тотығының шоғырлануы – 5% және одан жоғары;
3) ауадағы оттегi құрамы – 14% және одан төмен;
4) көмiртегi тотығының құрамы – 100 мг/м3 және жоғары.
Бір немесе бiрнеше факторларға жеткен кезде ауа ортасын жақсарту жөніндегі шаралар қабылданады немесе адамдарды азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарынан шығару мәселесi шешіледі.
1) "Әуе дабылы тоқтатылды" сигналы бойынша (құрылыс ауданында радиациялық жағдай нақтыланған соң);
2) паналаушылардың құрылыста болуының белгiленген мерзiмi өткен соң, сондай-ақ қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топ командирі айқындайтын кезектiлiк тәртiбiмен құрылысты мәжбүрлі тастап кету кезінде жүргізіледі.
1) паналаушылардың одан әрi болуына жол бермейтін құрылыс зақымданған;
2) құрылысты су басқан;
3) құрылыста өрт шыққан және онда зиянды газдардың қауiпті шоғырлануы пайда болған;
4) микроклимат пен ауадағы газ құрамы шектi төзуге болатын параметрлерге жеткен кезде жүргізіледі.
1) тыныш отырғанда жүрек қағысының жиілігі минутына 120 және одан да көп немесе 35-тен кем болуы;
2) дене температурасының 38 оС және одан жоғары болуы қауіпті болып табылады. Егер осы құбылыстар паналаушылардың көпшiлiгiнде байқалса, онда азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысынан шығудың және онда болудың қауiптiлік дәрежесін бағалау қажет.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК