Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2021 жылғы 1 тоқсандағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдау жөнінде атқарылған жұмыс туралы есеп

2021 жылы 1 тоқсанда Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 151 өтініш тіркелген, оның ішінде 121 өтінішті жеке тұлғалар және 30 өтінішті заңды тұлғалар құрайды.

Қарау қорытындысы бойынша 24 түсініктеме берілді, 8 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды, 102 өтініш қанағаттандырылды, 18 өтініш бақылауда тұр. 

Заңды тұлғалардың өтініштері көбінесе төтенше жағдайлар мәселелеріне (ауа-райы жағдайын растау, мәліметтер мен түсініктемелер беру, объектілерге тексеру жүргізу, мамандар бөлу және т.б.), жеке тұлғалардың өтініштері кадр мәселелеріне, түсініктеме беру және т.б. байланысты.

Департаментте қайтадан келіп түскен өтініштер тіргелген жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдау графигін  Департаменттің ресми сайтында жариялай отырып, азаматтарды алдын ала жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған.  Ағымдағы кезеңде басшылықпен 1 азамат қабылданды: жұмысқа орналастыру  бойынша. Қабылдау барысында ауызша түсініктемелер берілді.

Өтініштерді уақтылы қарауды қамтамасыз ету үшін, ай сайын ҚР БП ҚСжАЕК Ақмола облысы бойынша  басқармасымен Департаменттің ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелерінде салыстырып тексеру және мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында қаралмаған немесе мерзімі өткен өтініштер анықталған жоқ.

 

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету

және мемлекеттік тілді дамыту тобының

бас маманы Ж.Т. Тайғаринова

Дата публикации
05 апреля 2021