2020 жылы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 688 өтініш тіркелген, оның ішінде 542 өтінішті жеке тұлғалар және 146 өтінішті заңды тұлғалар құрайды.
Қарау қорытындысы бойынша 88 түсініктеме берілді, 38 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды, 553 өтініш қанағаттандырылды, өтінішхат бойынша 6 өтінішті қарау тоқтатылды.
Заңды тұлғалардың өтініштері көбінесе төтенше жағдайлар мәселелеріне (ауа-райы жағдайын растау, мәліметтер мен түсініктемелер беру, объектілерге тексеру жүргізу, мамандар бөлу және т.б.), жеке тұлғалардың өтініштері кадр мәселелеріне, түсініктеме беру және т.б. байланысты.
Департаментте қайтадан келіп түскен өтініштер тіргелген жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдау графигін Департаменттің ресми сайтында жариялай отырып, азаматтарды алдын ала жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған. Ағымдағы кезеңде басшылықпен 3 азамат қабылданды: бастапқы деректерді беру, ҚР ІІМ ТЖК КТИ түсу, тұрғын үйдің өрті бойынша қорытынды беру мәселелері бойынша. Қабылдау барысында барлық мәселелер бойынша ауызша түсініктемелер берілді және оң шешім қабылданды.
Өтініштерді уақтылы қарауды қамтамасыз ету үшін, ай сайын ҚР БП ҚСжАЕК Ақмола облысы бойынша басқармасымен Департаменттің ведомстволық бағынысты және аумақтық бөлімшелерінде салыстырып тексеру және мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында қаралмаған немесе мерзімі өткен өтініштер анықталған жоқ.
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және мемлекеттік тілді дамыту тобының
бас маманы Ж.Т. Тайғаринова