Хабарландыру
Ақмола облысы ТЖД, 020000, Көкшетау қ. Ауельбекова 87, электрондық мекенжай ok_dchs_akm@emer.kz анықтама телефоны: (8-716-2-25-19-25), азаматтық қорғау органдарына түсетін тұлғаларды бастапқы кәсіптік даярлауға іріктеуді жариялайды:
Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты - 192189 теңгеге дейін + арнайы атағы.
Функционалдық міндеттері: өрт сөндіруге қатысу, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, төтенше жағдайларды жою.
Конкурқа қатысушыға қойылатын талаптар: 18-ге толған, жасы отыз бестен аспаған, жедел әскери қызметін өткерген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткеруден шақыртуы кейінге қалдырылған азаматтар. Білімі ортадан төмен емес, бойы 165 см-ден жоғары азаматтар.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде толтырылған сауалнама;
3) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығының 4-қосымшаға сәйкес толтырылған кадрды есепке алу жөніндегі жеке парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен телефоны көрсетілген)
4) ҚР ТЖМ 15 қарашадағы 2022 жылғы № 207 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде қолмен және терілген түрде толтырылған толық өмірбаяны;
5) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмесі, нотариалды куәландырылған;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың кітапшасының көшірмесі, нотариалды куәландырылған (болған жағдайда);
7) әскери билеттің немесе шақырту учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі, нотариалды куәландырылған;
8) соңғы жұмыс орыннан (жұмыс өтілі болғанда жағдайда) немесе оқу орнынан және жедел әскери қызмет орнынан мінездеме;
9) 3x4 үлгідегі төрт фотосурет;
10) Қазақстан Республикасы азаматын жеке тұлға ретінде куәландыратын құжаттың көшірмесі;
11) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу комитетінен сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;
12) білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәреже мен атақ беру, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар және басқа құжаттардың көшірмесі) (болған жағдайда);
13) спорттық разрядының болуын растайтын құжаттар (болған жағдайда).
Құжаттарды кадр қызметтері қолма-қол немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы қаблыдайды.
Құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, қабылдау комиссиясы оларды қараудан бас тартуына негіз болады.
Құжаттарды қабылдау іріктеуді жариялау туралы хабарланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қабылдау комиссиясының отырысына қоғамдық бірлестік бақылаушылары қатысатын болады.
Іріктеуге қатысу үшін жұмсалатын барлық шығындар азаматтардың өздерінің ақшалай қаражаты есебінен жұмсалады.
Кандидаттардың құжаттары Ақмола облысы ТЖД, Көкшетау қ. Ауельбеков к-сі 87 мекенжайы бойынша қабылданады, тел.: 8-(7162) 25-19-25.