GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
20 октября 2026
Абай облысында Құтқарушылар күні атап өтілді


19 қазан – Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне орай Абай атындағы орталық әмбебап кітапханасында салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға облыс әкімі Берік Уәлиұлы, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, ардагерлер және құрметті қонақтар қатысты.

Салтанатты шара барысында құтқарушылардың ерлігі мен күнделікті еңбегіне арналған бейнеролик көрсетіліп, мерекеге орай үздік қызметкерлер мен ардагерлерге облыс әкімінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің наградалары табысталды.

Сондай-ақ, Абай облысы ТЖД-ға жедел әрекет етуге арналған арнайы автокөліктердің кілттері табысталды.

Абай облысы ТЖД бастығы Еркін Отарғалымұлы құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың адам өмірін сақтаудағы ерен еңбегін атап өтті.

Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Құтқарушы – қауіпке қаймықпай қарсы тұрып, адам өмірін арашалауды басты міндеті санайтын батыл маман. Олардың еңбегі – елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі.

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті барша құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтайды!

20 октября 2026
Абай облысында Құтқарушылар күніне орай БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті

Құтқарушылар күніне орай Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған пресс-тур ұйымдастырды.

Іс-шара 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінде басталып, қатысушылар құтқарушылардың күнделікті қызметімен, арнайы техникасы мен жабдықтарымен танысты.

Одан әрі қатысушылар «Кроссфит» эстафетасына қатысып, кинологиялық қызмет мамандарының жұмысын тамашалады. Пресс-тур Жедел-құтқару жасағында жалғасып, құтқару катерінің мүмкіндіктері көрсетілді.

Іс-шара барысында журналистер мен блогерлер құтқарушы мамандығының ерекшелігін жақыннан танып, құтқарушылардың күнделікті еңбегіне куә болды.

19 октября 2026
Абай облысы ТЖД бастығының Құтқарушылар күніне құттықтауы

Құрметті әріптестер, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері!

Сіздерді ортақ мерекеміз – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құтқарушы қызметі – жүрек қалауымен таңдалып, үлкен жауапкершілікпен атқарылатын мәртебелі мамандық. Бұл қызмет батылдықты, төзімділікті, шапшаң шешім қабылдауды және ел қауіпсіздігіне деген адалдықты талап етеді.

Күн сайын қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып жүрген Абай облысының құтқарушылары төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға және қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек көрсетуге бар күш-жігерін жұмсауда.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз – өңір тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етудің берік кепілі. Қиын сәтте көмекке асығып, адам өмірін арашалау жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалауға лайық.

Осы айтулы күні сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке мен бақ, қызметтеріңізге абырой мен толағай табыс тілеймін. Әр күніңіз сәтті өтіп, кезекшіліктеріңіз тыныш, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Құтқарушылар күні – ортақ мерекеміз құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Еркін Отарғалымұлы

16 октября 2026
Еріктілер мен құтқарушылар: ортақ мақсат — қауіпсіздік

Абай облысының ТЖД мен «Revival 7 жергілікті қоғамдастықты дамыту қоры» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.

Құжат төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін арттыру, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Ынтымақтастықтың мақсаты — халықтың қауіпсіздігін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін құтқарушылар мен еріктілердің күш-жігерін біріктіру.

Әріптестік аясында еріктілер қозғалысын дамытуға, сондай-ақ профилактикалық және рейдтік іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады.

15 октября 2026
Ата-анаңның үйін тексер — олардың қауіпсіздігіне қамқор бол!

Абай облысында ТЖД қызметкерлері 24KZ телеарнасымен бірлесіп, «Ата-анаңның үйін тексер» республикалық акциясы аясында профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Акцияның басты мақсаты — жылыту маусымында өрт пен иіс газынан улану жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қоғам назарын егде жастағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне аудару.

Акция барысында ТЖД қызметкерлері жалғыз тұратын зейнеткерлерге атаулы көмек көрсетті. Құтқарушылар жылыту пештерінің жай-күйін тексеріп, мұржаларын тазалады, иіс газын анықтайтын датчиктер орнатып, өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндірді

13 октября 2026
Абай облысы ТЖД қызметкерлері жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейдтер өткізуде.

Рейд барысында тұрғын үйлердегі жылыту пештерінің, электр жабдықтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріліп, азаматтарға өрттің алдын алу шаралары түсіндірілуде.

Мамандар тұрғындарға пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмауды және ақаулы электр жабдықтарын пайдаланбауды ескертуде.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

12 октября 2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сенбілікке қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сенбілікке қатысты.

Іс-шара барысында аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Акция тазалықты сақтау, қоршаған ортаны абаттандыру және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған.

09 октября 2026
Абай облысында жол қозғалысына қатысушыларға арналған жылыту пункті ашылды

«Омбы – Майқапшағай» автожолының «Байбұра» учаскесінде жүргізушілер мен жолаушыларға арналған жылыту пункті ашылды.

Пункт қолайсыз ауа райы жағдайында жол қозғалысына қатысушыларды уақытша орналастыруға және жылытуға арналған.

Нысан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бірлескен жұмысы аясында ашылды. Қазіргі таңда Қазақстанда мұндай жылыту пунктінің баламасы жоқ.

07 октября 2026
Абай облысының жас құтқарушылары қауіпсіздік эстафетасын құрдастарына табыстауға дайын

Жаңа оқу жылының басталуымен «Жас құтқарушы» сыныптары жұмыс істейтін Абай облысының білім беру мекемелерінде оқушыларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету жұмыстары қайта жанданды.
Қазіргі уақытта облыс құтқарушылары «Оқушыдан оқушыға» ұранымен жас құтқарушылардың білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіруде.
Осы бастама аясында құтқарушылар Семей қаласының № 16 және № 19 орта мектептерінің оқушыларымен теориялық және практикалық сабақтар өткізді. Оқушылар төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарды пысықтады, жазғы және қысқы кезеңдерде суда қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету негіздерін зерделеді.
Жас құтқарушылар алған білімдерін іс жүзінде бекітіп қана қоймай, құрдастарының алдында сенімді сөйлеуге, өмір мен денсаулықты сақтауға көмектесетін қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге үйренеді.
Алдағы қыс мезгілінде жұқа мұз басқан су қоймалары ерекше қауіп төндіреді. Сондықтан мұзда жүру ережелеріне және жазатайым оқиғалардың алдын алуға көп көңіл бөлінеді.
Алдағы уақытта жас құтқарушылар құтқарушылармен бірге басқа оқушыларға алған білімдері мен дағдыларын бере отырып, сабақтар өткізуді жоспарлап отыр.
Мұндай бастама балалар арасында профилактикалық жұмысты кеңейтуге және «Оқушыдан оқушыға» қағидаты бойынша қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кадр саясаты
05 октября 2026
Абай облысы ТЖД бастығы тағайындалды

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Отарғалымұлы Еркін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.

  Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2002 жылы бастады. Қызмет жылдарында мемлекеттік өрт бақылауы, ақпараттық-талдау жұмысы және төтенше жағдайлардың алдын алу салаларында түрлі лауазымдарды атқарды.

  Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Астана және Шымкент қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінде қызмет атқарды.

  2025 жылғы қаңтардан 2026 жылғы қазанға дейін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

  Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов жеке құрамға жаңа басшыны таныстырды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы