Бородулиха ауданында көшпелі жедел кеңес: жұмыс қорытындысы және өзара іс-қимыл нәтижелері

Бородулиха ауданында көшпелі жедел кеңес: жұмыс қорытындысы және өзара іс-қимыл нәтижелері

Бородулиха ауданында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатовтың төрағалығымен көшпелі жедел кеңес өтті. Іс-шараға құрылымдық және аумақтық бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кеңесте 2024 жылдың 11 айлық  жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы уақытқа арналған міндеттер айқындалды.

Кеңес аясында Бородулиха ауылындағы №12 ӨСБ ғимаратына барылды. Аудан әкімдігімен бірлесіп ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізіліп, жылыту жүйесі қалпына келтірілді, сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, Дмитриевка ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы қаралды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында меценаттардың көмегімен өрт сөндіру көлігі жаңартылып, жаңа өрт сөндіру бекеті салынуда. Бұл бекеттің қажеттілігі ауылдың орман алқабына жақындығымен және табиғи өрттерге жедел әрекет ету қажеттілігімен байланысты.

Кеңес қорытындысы бойынша департамент басшысы келесі бағыттар бойынша тапсырмалар берді:

  • азаматтық қорғаныс жүйесін нығайту;
  • бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын дамыту;
  • жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды арттыру.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғаса береді.