Геройларды еске алу күні

Геройларды еске алу күні

Абай облысында 1993 жылы «Цемент зауыты» АҚ-дағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдары қызметкерлері Валерий Белоножко мен Рахымғали Икеновтың қайғылы қазасына 31 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.

Абай облысының ТЖД басшысы, полковник Манарбек Шапағатов, Семей қаласының құтқарушылары, ардагерлер мен қаза тапқан қызметкерлердің туыстары геройлардың рухын құрметтеп,  №5 ӨСБ мемориалында гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Шарадан кейін ардагерлер мен №5 ӨСБ  қызметкерлерінің арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ардагерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге қызмет жолындағы маңызды сәттерін айтып берді.

Біздің геройларымызға деген мәңгілік құрмет пен шын жүректен еске алу біздің жүректерімізде мәңгі сақталады.