Адалдық пен қызметтің символы: Азаматтық қорғау ардагерлерін құттықтау

Адалдық пен қызметтің символы: Азаматтық қорғау ардагерлерін құттықтау

Бүгін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Азамат Мұратов пен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалының төрағасы Нұржан Раимов азаматтық қорғау ардагерлері — 70 жасқа толған Амренова Зауре Нұрийқызы мен 65 жасқа толған Ажампейсов Серік Абайқанұлын мерейтойларымен құттықтады.

Құттықтау сөздерінде олар ардагерлердің көпжылдық еңбегін және азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.

Құрметті ардагерлерімізді мерейтойларымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тілейміз!