
Абай облысының гарнизонына Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы, генерал-майор Арман Зарлыкович Калиев жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында ол әскери бөлімнің техникасы мен қару-жарағын, 68303 әскери бөліміне арналған құрылыс учаскесін, ЖҚЖ құтқару станциясын қарап шықты және ТЖД жеке құрамымен кездесу өткізді. Құтқарушылар аллеясында генерал-майор батырларға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Сапар қорытындысы бойынша Абай облысы бөлімшелерінің қызметін оңалтуға байланысты бірқатар тапсырмалар берілді.