Семей қаласындағы халықаралық әуежайда жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу

Семей қаласындағы халықаралық әуежайда жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу

Абай облысының ТЖД қызметкерлері мен «Семей қаласындағы халықаралық әуежай» ЖШС қызметкерлері әуе кемесінде өрт сөндіру іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында оқу-жаттығу өткізді.

ЯК-40 ұшағының ұшуы кезінде алдыңғы мотор бөлігінде және ұшқыш кабинасында өрт шығып, от фюзеляжға тарап, 20 шаршы метр аумақта жеңіл тұтанатын сұйықтық ағып кетті.

Шартты өрт орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары жоғарылатылған шақыру нөмірімен жіберілді. Өрт сөндіруге жеке құрамның 55 адамы және 5 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында 3 ГПС-600 стволы, 1 стационарлы лафеттік ствол және ұшақты салқындату мен өрттің таралуын алдын алу үшін 5 қол стволы пайдаланылды. Тұтанған отты сөндіру үшін көбік қолданылып, су арқылы салқындату жүргізілді.