
Абай облысы ТЖД бастығы Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» РММ баспасөз хатшысы Жұматаева Талшын Мүтанқызын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жүлдесі үшін ерлер мен әйелдер арасында қолма-қол ұрыс бойынша әлем кубогының финалында керемет өнер көрсетуімен құттықтады.
Жарыс 2024 жылдың 20-23 қараша аралығында Астана қаласында өтіп, 15 елден 200-ден астам мықты спортшы қатысты. Талшын Жұматаева жоғары шеберлік көрсетіп, суперабсолютті салмақ дәрежесінде алтын медаль мен 70 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.
Тамаша жетістігіңізбен құттықтаймыз!