ТЖД қызметкері Ерасыл Қадырбеков «Жыл таңдауы – 2024» сыйлығының «Жылдың жас батыры» номинациясы бойынша лауреаты атанды.

ТЖД қызметкері Ерасыл Қадырбеков «Жыл таңдауы – 2024» сыйлығының «Жылдың жас батыры» номинациясы бойынша лауреаты атанды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жеңімпаздарды құттықтап, олардың жетістіктерінің қала үшін маңыздылығын атап өтті.

«Жыл таңдауы – 2024» сыйлығы жыл сайын мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысқаны және қоғамдық өмірге қосқан үлесі үшін табысталады. Үміткерлер түрлі бағыттар бойынша ұсынылып, жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтады.

Ерасыл Қадырбеков өзінің кәсібилігімен, жанқиярлығымен және өз ісіне адалдығымен бұл құрметке лайық болды.

Жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!