21-22 қараша аралығында Абай облысының аумағында «Қыс-2024» Республикалық командалық оқу-жаттығуы өтуде

21-22 қараша аралығында Абай облысының аумағында «Қыс-2024» Республикалық командалық оқу-жаттығуы өтуде

Оқу жаттығулар Абай облысының азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс қимылдарға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

21 қараша күні оқу-жаттығу жоспары бойынша қатты аяз, ауа температурасының күрт төмендеуі нәтижесінде «Омбы–Майқапшағай» республикалық маңызы бар автожолында орналасқан «Байбура» учаскесінде күрделі жағдай қалыптасты, атап айтқанда, азаматтар ауа-райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды елемей, елді мекендерден тыс жерлерге автокөліктерімен шығып, қарлы тұтқында қалып қойды.  

            Сондай-ақ, тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында ТЖД, ПД, ЖАО және басқа да мемлекеттік органдар бөлімшелерінің күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын жетілдіру бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды.

            Сонымен қатар, халықты құлақтандыру жүйелерінің дайындығы тексерілді.

            Оқу-жаттығулардың практикалық іс-қимылдарын пысықтау 22 қараша күні де жалғасады.

            Бүгінгі күні 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ-ға жедел ден қою мақсатында облыс бойынша күштер мен құралдар топтамасы қалыптастырылды, олардың жалпы саны 1283 адам және 527 техника бірлігін құрайды. 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі