Абай облысында 2025 жылдың көктемгі кезеңіне дайындық сарапталды

Абай облысында 2025 жылдың көктемгі кезеңіне дайындық сарапталды

ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы У.С. Тналиев ҚР ТЖМ және СРжИМ өкілдерімен бірлесіп 2025 жылдың алдағы су тасқыны кезеңінде өңірдің халқы мен аумағын қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуына бағалау жүргізді.

         Үкімет Аппаратының өңірлік  инспекторы бағалауды Бородулиха, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында жүргізді.

         Абай облысында су тасқынына қарсы жұмыстар елді мекендерді инженерлік қорғаудың әзірленген жоспары шеңберінде жүргізілуде. Жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу, өзен арналарын тазарту және түбін тереңдету, бөгеттер салу, көпірлерді жөндеу, су өткізу арналарын, қосымша су өткізу құрылыстарын орнату облыстың 6 ауданының 40 елді мекенінде тасқын сулардан қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

         Бұдан басқа, жүргізіліп жатқан бағалаудың маңызды бөлігі облыс аудандарындағы су тасқынынан халықты және инфрақұрылымды қорғауда шешуші рөл атқаратын гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне назар аударылды.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі