Абай облысы ТЖД-да брифинг өтті

Абай облысы ТЖД-да брифинг өтті

Абай облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері шомылу маусымының қорытындысына арналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

Кездесуде өңірдің су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс нәтижелері ұсынылды, сондай-ақ қысқы кезеңдегі және мұз қату кезеңдегі қауіпсіздік ережелері алқыланды.

Қабылданған шаралар шеңберінде ескерту белгілерін орнату, шомылуға арналған орындарды жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді және халықпен профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Құтқарушылар су айдындарын белсенді күзетіп, суға батқан кезде алғашқы көмек көрсету бойынша оқу жаттығуларын өткізді.

Аталған іс-шараларды іске асыру барысында, шомылу маусымы басталғаннан бері облыс су айдындарында құтқарушылар күшімен 35 адам, оның ішінде 18 бала құтқарылды.

Сонымен қатар, рейдтер барысында тыйым салынған орындарда шомылған, сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйінде болған бұзушылар анықталды. Барлығы 279 адам, жалпы сомасы 2 млн. 761 мың 616 теңгеге, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атқарылған жұмыстарға қарамастан, өкінішке орай, шомылу кезеңінде облыстың су айдындарында 17 адам суға батып кетті, оның ішінде 4 бала.

Брифинг соңында құтқарушылар мұз қату кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ қысқы кезеңде балықшылар үшін мұзда жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірді.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі