Абай облысында "Балаларды суда қорғаңыздар!» атты акциясы жүргізілуде

Абай облысында "Балаларды суда қорғаңыздар!» атты акциясы жүргізілуде

Абай облысының ТЖД акция аясында БАҚ өкілдері және аниматорлардың қатысуымен көшпелі баспасөз конференциясын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - халықтың назарын әсіресе, балалардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауының маңыздылығына аудару.

Баспасөз конференцияның барысында құтқарушылар балалардың назарын болған оқиғаларға аудара отырып, соңғы уақытта судағы жазатайым оқиғалар бойынша статистикалық деректерді ұсынды, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін және олардың алдын-алу үшін қабылданатын шараларды атап өтті.

Аниматорлар балалар арасында викториналар мен байқаулар өткізіп, қауіпсіздік ережелерін қарапайым әрі қызықты түрде түсіндірді.

Сондай-ақ, құтқарушылар құтқару құралдарының көрмесін ұйымдастырды.

Өткізілген баспасөз конференциясы:

- ата-аналар мен балалардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттырды;

- құтқару кеудешелері мен басқа да қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігін жеткізеді;

- судағы жазатайым оқиғалар проблемасына және олардың алдын-алу шараларына жұртшылықтың назарын аударды.

Баспасөз конференциясына қатысушылар, оның ішінде БАҚ өкілдері талқыланатын тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Алдағы уақытта судағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған тұрақты ақпараттық науқандар мен іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

 Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі