Іс-шара кәсіби стандарттарды жақсартуға ұмтылатын әр түрлі бөлімшелердің мамандары мен басшыларын жинады.
Бүгін "Абай облысы ТЖД ӨС ж АҚЖҚ" РММ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Данияр Әлімкиннің төрағалығымен облыстың өрт сөндіру қызметінің офицерлік құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың алдын алуға, сондай-ақ қызметтік тәртіпті нығайтуға және қауіпсіздік техникасын сақтауға бағытталған мәселелер талқыланды.
Семинардың бас спикерлері МҚІА Абай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Серікжан Нариманов және Абай облысы бақылау басқармасының (МСҚБ, еңбек инспекциясы) еңбек қорғау және қауіпсіздікті бақылау бөлімінің басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторы Тоқтарбек Түсіпбаев болды.
Семинар соңында қатысушылар өздеріне жүктелген міндеттерді тиімді орындауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға көмектесетін құнды ақпарат пен практикалық дағдыларға ие болды.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі