Абай облысындағы үздік инспектор!

Абай облысындағы үздік инспектор!

ТЖ Департаментінде "2024 жылғы мемлекеттік өрт бақылауының Үздік инспекторы"анықталды.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау инспекторларының кәсіби шеберлігі мен имиджін арттыру мақсатында Департаментпен "Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 2024 жылғы мемлекеттік өрт бақылауының үздік қызметкері" атты II жыл сайынғы конкурс ұйымдастырылып, өткізілді.

Оған қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Конкурс екі кезеңнен тұрды, атап айтқанда: заңнаманы білуге тестілеу және объектіге барып профилактикалық бақылау жүргізу, оның нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру нәтижелері туралы актілер жасалды.

Байқау қорытындысы бойынша құрметті І орынды Семей қаласы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры Ардақ Самтиров, ІІ орынды Аягөз ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры Дархан Нұғаметов және ІІІ орынды Жаңасемей ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Манат Байсақалов иеленді.

Байқау соңында барлық жүлдегерлер құрмет грамоталарымен марапатталды.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі