Абай облысында ТЖК жоспардан тыс отырысы

Абай облысында ТЖК жоспардан тыс отырысы

Абай облысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, оның шеңберінде шомылу маусымында су айдындарында қауіпсіз демалуды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Азамат Орымбаев өз баяндамасында, су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Департамент күштерімен қайықтарда 9 су патрульінің кезекшілігі ұйымдастырылғанын, сондай-ақ күн сайын 2 адамнан 31 жаяу патруль қойылатынын атап өтті. Бұл ретте демалыс күндерінің басталуымен патрульдер саны көбейді.

Патрульдер күшімен шомылу кезеңінің басталуымен 17 адам құтқарылды, оның ішінде 6 бала, су айдындарында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін ӘҚБ туралы ҚРК 412-бабы бойынша 50-ге жуық жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Отырысты қорытындылай келе, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қалалар мен аудандар әкімдеріне, мемлекеттік органдар басшыларына судағы азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етуге, сондай-ақ коммуналдық жағажайларды жайластыруға және ұйымдастыру туралы қажеттілігіне назарын аударды.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі