Қазақстан-толеранттылық пен бірліктің үлгісі!

Қазақстан-толеранттылық пен бірліктің үлгісі!

Бүгін Абай облысында гарнизонның жеке құрамымен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін дәріптеуге бағытталған сабақ өтті.

Іс-шара Абай облысының "Этносаралық келісімді нығайту" әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылып, толерантты және ұйымшыл қоғамды қалыптастыру жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігіне айналды.

Өрт сөндірушілер үшін спикер ретінде әлеуметтанушы және журналист Мұрат Рахымжан сөз сөйледі, ол өз кезегінде қатысушыларға жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі туралы айтып берді.

Әңгіме қатысушылар арасында үлкен қызығушылық пен белсенділікті арттырды, олар өз білімдерін тереңдетіп қана қоймай, күнделікті жұмыста кездесетін нақты жағдайларды талқылай алды.

Талқылаулар кәсіби ортада өзара сыйластық пен ынтымақтастықтың маңыздылығын анықтауға көмектесті.

 Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі