
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті атынан және өз атымнан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын !
Жұмыстарыңыз жоғары кәсібилік пен адалдықты ғана емес, сонымен бірге батылдықты, адалдықты және жауапкершілікті талап етеді. Сіздер оқиға орнында алғашқылардың бірі ретінде келіп, жұртшылықты маңызды әрі көбінесе төтенше жағдайлар туралы хабарларға қанықтырасыздар. Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында адамдар қажетті ақпаратты уақтылы алады, бұл өз алдында дүрбелеңнің алдын алуға және күрделі жағдайларда оң шешім қабылдауға ықпалын тигізері анық.
Әсіресе, біздің ведомствомен ынтымақтастықтарыңыз ерекше маңызды. Сіздер біздің қызметіміз жайлы жариялап қана қоймай, сонымен қатар, қауіпсіздік ережелері туралы білімді тарату және азаматтар арасында жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға көмектесу арқылы төтенше жағдайлардың алдын- алуда үлкен көмек бересіздер.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыстар, жаңаша қызықты жобалар, оқырмандар, көрермендер және тыңдаушылардың қошеметтеріне бөлене берулеріңізді тілеймін. Елеулі еңбектеріңіз әрқашан жоғары бағаланып, Сіздерге тек қуаныштар мен қанағат әкелсін.
Құрметпен,
Абай облысы ТЖ департаментінің бастығы
полковник Манарбек Шапағатов