Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бүгінгі күні Ертіс өзенінде судың ағымы, қауіпті тереңдігі және төмен температурасы күшейгенін, осы жағдайлардың барлығы Ертіс өзенінің жабдықталмаған және тыйым салынған учаскелерінде шомылатын адамдардың қаза болуына байланысты төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететінін хабарлайды. Абай облысы ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!

Семей қаласының аумағында 2 ресми жағажай бар, атап айтқанда: "Қалалық жағажай" және "Заря" жағажайы демалушыларды қабылдауға дайын.

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау 7 АЕК (25 844 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік жүктейтінін ескертеміз !

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі